hug

hug [hʌɡ] A.v (-gg-) 1. ~ (sb) (айқара) құшақтау, (айқаса) құшақтасу (syn: embrace) ¨They hugged each other. – Олар құшақтасты/бірін-бірі құшақтады. ¨She hugged him tightly. – Ол оны қыса құшақтады. ¨He hugged Anna to him. – Ол Аннаны өзіне тарта құшақтады. ¨They put their arms around each other and hugged. – Олар бір-бірін айқаса құшақтады. 2. ~ sth (бірн-ні) құшақтау ¨She sat in the chair, hugging her knees. – Ол креслода тізесін құшақтай отырды. ¨He hugged the hot-water bottle to his chest. – Ол ыстық су құйылған бөтелкені/шөлмекті кеудесіне қысты. 3. ~ sth жағалай, бойымен қозғалу ¨The track hugs the coast for a mile. – Соқпақ жол су жағасымен бір мильдей жүреді/созылады. ¨We crept along, hugging the perimeter fence. – Шарбақтың бойымен ұрлана жылжыдық. 4. ~ sth орап тұру, жабыса орау ¨figure-hugging jeans – дененің тұрқына/фигураға жабысатын джинсы B.n (айқара) құшақтау, (айқаса) құшақтасу ¨She gave her mother a big hug. – Ол анасын айқара құшақтады. ¨He stopped to receive hugs and kisses from the fans. – Ол жанкүйерлерінің құшағы мен сүйісіне бөлену үшін тоқтады.