human [ˈhjuːmən] A.adj 1.адам, адам(ның, -ға қатысты), кісі ¨the human body/brain – адам денесі/миы ¨human anatomy/activity/behaviour/experience – адам анатомиясы/әрекеті/жүріс-тұрысы/тәжірибесі ¨a terrible loss of human life – адам өмірін сұмдық шығындау/көп кісінің қаза болуы ¨Contact with other people is a basic human need. – Басқа адамдармен қарым-қатынас – кісіге ең қажет нәрсе. ¨This food is not fit for human consumption. – Мына тамақ адамның ішуіне/қоректенуіне жарамайды. ¨human geography – адам географиясы ¨The hostages were used as a human shield. – Тұтқындарды тірі қалқа ретінде пайдаланды. ¨Firefighters formed a human chain to carry the children to safety. – Балаларды бір-біріне беріп аман алып қалу үшін өрт сөндірушілер тізбектеліп тұрды. ¨Human remains were found inside the house. – Үй ішінде адам денесінің қалдықтары табылды. 2.адами, пенделік, пендешілік, адамға тән ¨human weaknesses/failings – пенделік(тер), адамға тән осалдықтар/кемшіліктер ¨We must allow for human error. – Пендешілік/Адамға тән қателер болатынын ескеруіміз керек. ¨It's only human to want the best for your children. – Балаларыңа ең жақсысын тілеу – пендеге тән қасиет. 3.адамға тән, пенде сияқты ¨He's really very human when you get to know him. – Онымен жақын араласқанда оның шынымен де кәдімгі жан екенін білесің. ¨The public is always attracted to politicians who have the human touch. – Жұрттың бүйрегі ылғи да адамдарды түсіне білетін/кісілік сезімдері бар саясаткерлерге бұрады. 4. (idm) *the human face of… «кісілік келбет», бір істің бел ортасында жүрген адам, отымен кіріп, күлімен шығып жүрген адам ¨He is the human face of party politics. – Ол біздің партия саясатының кісілік келбеті. *with a human face қарапайым жандарды ойлаған ¨This was science with a human face. – Бұл адам игілігіне бағытталған ғылым еді. B.n (also human being) адам, кісі, пенде, жан ¨Dogs can hear much better than humans. – Иттер адамдарға қарағанда әлдеқайда жақсы естиді. ¨That is no way to treat another human being. – Бүйтіп басқа адамға қарауға/адамды сыйламауға болмайды.