quite [kwaɪt] adv 1. (BrE) біршама, әжептәуір, кәдімгідей, едәуір (syn: fairly, pretty) ♦quite good/interesting/common/difficult – тәп-тәуір/ біршама қызық/ көбірек ұшырасатын/ біршама қиын ♦I quite like opera. – Операны кәдімгідей жақсы көремін. ♦I quite enjoyed the film to be honest. – Шынын айтсам, фильм кәдімгідей ұнады (маған). ♦He plays quite well. – Ол тәп-тәуір ойнайды. ♦∼ a… He's quite a good player. – Ол тәп-тәуір ойыншы. ♦We had to wait quite a long time. – Әжептәуір күтуімізге тура келді. 2.өте, мүлде, барынша, соншама, сондай, тегі (syn: completely, absolutely, entirely) ♦quite amazing/delicious/empty/perfect – өте қызық/ сондай дәмді/ мүлде бос/ (сондай) керемет ♦The two species are in fact quite different from one another. – Екі особь шынында бір-бірінен мүлде өзгеше. ♦He made it quite clear that... – Ол барынша .... ашық білдірді. ♦Quite frankly, I don't blame you. – Тоқетері(н айтсам), сені кінәламаймын. ♦Are you quite sure? – Нық сенімдісің бе? ♦I quite agree. – Толық келісемін. ♦Quite apart from all the work, he had financial problems. – Барлық жұмыстан мүлде бөлек, оның ақшалай проблемасы болды. ♦not ∼ Unfortunately it is not quite as simple as that. – Өкінішке орай, бұл сондай бір оңай емес. ♦I don't quite know what to do next. – Енді не істерімді білмеймін. ♦I'm sorry, I don't quite understand. – Ғафу өтінемін, онша ұқпай тұрмын. ♦(BrE) The theatre was not quite full. – Театр онша толмапты. 3.өте, аса; шынымен (де) ♦I'm quite happy to wait for you here. – Сіздерді осында күткен маған қолайлы. ♦You'll be quite comfortable here. – Бұл жер сізге өте қолайлы болады. ♦I can see it quite clearly. – Оны ап-анық көріп тұрмын. 4. (also formal ∼ so) (BrE) иә, солай, дүрыс, тб ♦‘They really should have thought of this before.’ ‘Yes, quite.’ – «Олардың алдын-ала бұны ойлауы керек еді». «Иә, шынымен де». 5. (idm) *quite a/the smth (also informal quite some smth) кәдімгідей, әжептәуір, біршама ♦This is quite a different problem. – Бұл біршама өзгеше мәселе. ♦She's quite a beauty. – Ол әп-әдемі-ақ. ♦We found it quite a change when we moved to London. – Лондонға көшкеніміз біз үшін әжептәуір өзгеріс болды. ♦It must be quite some car. – Бұл бір мықты машина болар. *quite the contrary тіпті де, мүлде олай емес ♦I don't find him funny at all. Quite the contrary. – Ол маған күлдіргі/ әзілқой көрінбейді. Тіпті де. *quite a few (BrE also a good few, a fair few) талай (рет); әжептәуір, көп ♦I've been there quite a few times. – Ол жерде талай (рет) болғанмын. *quite a lot (of smth) (also BrE, informal quite a bit) көп ♦They drank quite a lot of wine. – Олар шарапты өкіртті. *quite some smth a) көп, талай (уақыт, тб) ♦She hasn't been seen for quite some time. – Талай уақыт болды оның көрінбегеніне. b) (informal) (also quite a/the smth) әжептәуір, едәуір, кәдімгідей, біршама