hurry [ˈhʌri] A.v (hurries, hurrying, hurried, hurried) 1.асығу, тездету, шапшаңдату, жылдамдату (syn: rush) ¨You'll have to hurry if you want to catch that train. – Пойызға үлгергің келсе асығуың керек. ¨The kids hurried to open their presents. – Балалар (өз) сыйлықтарын ашуға асықты. ¨Hurry and open your present - I want to see what it is! – Сыйлығыңды тезірек аш(қын) – бұның не екенін көргім келеді! 2.асыға, тез қозғалу (syn: rush) ¨He picked up his bags and hurried across the courtyard. – Сөмкелерін іле сала аула арқылы асыға жүрді. ¨She hurried away without saying goodbye. – Қоштаспастан асыға кетті. ¨She hurried after Gary to apologize to him. – Гәриден кешірім сұрау үшін артынан жүгірді. 3.асықтыру, тездеткізу, шапшаңдатқызу (syn: rush) ¨~ sb I don't want to hurry you but we close in twenty minutes. – Сен(дерд)і/Сіз(дерд)і асықтырғым келіп тұрған жоқ, бірақ біз жиырма минутта жабыламыз. ¨~ sb into doing sth She was hurried into making an unwise choice. – (Оны) асықтырғандықтан ол қате шешті/істеді. 4. ~ sth тез айналысу, шапшаң шұғылдану; жалма-жан істеу (syn: rush) ¨Her application was hurried through. – Оның өтінішін тез қарады. ¨A good meal should never be hurried. – Жақсы тамақты асықпай әзірлеу керек. 5. (phr v) *hurry on тоқтаусыз сөйлей беру ¨She hurried on before he could interrupt her. – Ол (еркек) үзіп тоқтатқанынша ол (әйел) сөйлей берді/Сөйлеп тұрып алған оны ол үзіп тоқтатты. *hurry up (with sth) тезірек, шапшаңырақ істеу ¨I wish the bus would hurry up and come. – Автобус тезірек келсе екен. ¨Hurry up! We're going to be late. – Жылдам(дат)! Кешігейік деп жатырмыз. ¨Hurry up with the scissors. I need them. – Қайшыны шапшаң бер; маған керек. *hurry sb/sth up тездеткізу, тездеттіру, жалдамдатқызу ¨Can you do anything to hurry my order up? – Менің заказымды/тапсырысымды тездету үшін бірдеңе істеңізші? B.n 1.асығыстық, жылдамдық ¨Take your time - there's no hurry. – Күте тұр – асықпай-ақ қой. ¨In my hurry to leave, I forgot my passport. – Асығып жүріп паспортымды ұмытып кетіппін. ¨What's the hurry? The train doesn't leave for an hour. – Қайда асығасың(ыз-дар)? Поезд бір сағат тұрады. 2. (idm) *in a hurry асығыс, жалма-жан, безектеген ¨He had to leave in a hurry. – Оның шұғыл кетуі керек болды. ¨Sorry, I haven't got time to do it now - I'm in a hurry. – Ғафу ет(іңіз-дер), бұны қазір істейтін уақтым жоқ – асығыспын. ¨Alice was in a tearing hurry as usual. – Әлис әдетінше безектеп жүрді. *in a hurry to do sth тынышсыз, тағат таппаған, шыдамсыз ¨My daughter is in such a hurry to grow up. – Қызым тезірек өскісі келіп тегі тынышталар емес. ¨Why are you in such a hurry to sell? – Неге соншама сатуға асығасың? *in no hurry (to do sth)/not in a/any hurry (to do sth) асығыс емес ¨I don't mind waiting - I'm not in any particular hurry. – Күте аламын – ешбір асығыс емеспін. ¨Serve this lady first - I'm in no hurry. – Мына ханымға бірінші қызмет көрсетіңіз – асығыс емеспін. ¨We were in no hurry to get back to work after the holiday. – Демалыстан соң жұмысқа оралуға асықпадық. *sb will not do sth again in a hurry (informal) енді асығып істемейді, енді қайта істеуге асықпайды ¨I won't be going there again in a hurry - the food was terrible. – Ол жаққа ендігәрі асыға қоймаспын – тамағы сұмдық екен.