hustle [ˈhʌsl] A.v 1. ~ sb біреуді күштеп, жармаса қозғалту, итермелеу ¨He grabbed her arm and hustled her out of the room. – Ол оның қолына жармасты да бөлмеден итеріп шығарып жіберді. ¨I was hustled into a waiting car. – Мені күтіп тұрған машинаға күштеп/итермелеп отырғызды. 2. ~ sb (into sth) күштеп көндіру, мәжбүрлеу, итермелеу ¨All the family felt that Stephen had been hustled into the engagement by Claire. – Бүткіл жанұя Стивеннің Клэйрмен некелесуге итермеленгенін/Стивенді Клэйрмен некелесуге итермелегенін сезді. 3. ~ (sth) (informal, especially NAmE) заңсыз саудаласу ¨to hustle dope – есірткімен саудаласу ¨They survive by hustling on the streets. – Олар көшеде алып-сатып күн көреді. 4. (NAmE, informal) тегеурінді, құлшына істеу, әрекеттену 5. (NAmE) жезөкшелікпен айналысу B.n у-ду, қауырт тірлік ¨We escaped from the hustle and bustle of the city for the weekend. – Апта соңында қаланың діңкелететін тірлігінен қаштық.