ice

ice [aɪs] A.n 1.мұз ¨There was ice on the windows. – Терезелерде мұз болды/Терезелерге мұз қатыпты. ¨The lake was covered with a sheet of ice. – Көлге мұз қатқан/Көлді мұз қабаты жапқан. ¨My hands are as cold as ice. – Қолдарым мұздай (суық). ¨I'll have lemonade please - no ice. – Лимонад ішемін – мұз салмаңызшы. 2. (usually the ~) мұз (алаң, айдын) ¨The dancers came out onto the ice. – Бишілер мұз айдынына шықты. ¨Both teams are on the ice, waiting for the whistle. – Екі команда да мұз айдынына шықты; ысқырық күтіп тұр. 3. (old-fashioned, especially BrE) балмұздақ ¨Drinks, ices and popcorn are all on sale in the foyer. – Сусындар, балмұздақтар және попкорндардың бәрі де фойеде сатылуда. 4. (NAmE) құрамында дәмді мұз ұнтағы бар тәттілер 5. (idm) *break the ice «сеңді сөгу», кездесудің, жиынның басында кісілерді серпілтетін, емін-еркін ететін сөз айту, қимыл істеу ¨Sam’s arrival broke the ice and people began to talk and laugh. – Сәмнің келісімен елдер/жұрт шүйіркелесіп, күліп бір серпіліп қалды. *cut no ice (with sb) әсер етпеу, әсері болмау ¨His excuses cut no ice with me. – Оның кешірім өтінгені маған әсер етпеді. *on ice a) (шарап, т.с.с. ж) мұзға қойып салқындату ¨All the food is laid out and the champagne is on ice. – Барлық тамақ дастарханға жайылды, шапман мұзға қойылды. b) (жоспар, т.с.с. ж) кейінге қалдыру, қоя тұру ¨We've had to put our plans on ice for the time being. – Жоспарларымызды қоя тұруымызға тура келді. c) мұзда сырғанап өнер көрсету ¨Cinderella on ice – мұздағы Күлару (Золушка) B.v 1.~ sth тортқа тәтті жылтырақ жағу 2. (phr v) *ice over/up/ice sth over/up мұз қату, мұз жабу ¨It was a memorable flight because the wings iced up. – Ол ұшыс естен кетпейді, себебі ұшақ қанаттарына мұз қатқан болатын. ¨Parts of the river were iced over during the cold spell. – Суық ауа райында өзеннің кейбір бөлігіне мұз қатқан.