idea [aɪˈdɪə] n 1.идея, ой ¨It would be a good idea to call before we leave. – Кетерімізден бұрын хабарласқанымыз дұрыс ой болар. ¨~ (of sth/of doing sth) I like the idea of living on a boat. – Қайықта тұру туралы ой маған ұнайды. ¨~ (for sth) He already had an idea for his next novel. – Онда келесі романын жазу туралы ой болған еді. ¨Her family expected her to go to college, but she had other ideas. – Жанұясы оны колледжге түсетін шығар деп ойлағанымен, оның ойы басқа еді. ¨The surprise party was Jane's idea. – Ойда жоқта сауық-кеш өткізу Джейннің идеясы/ойы еді. ¨I've had a brilliant idea! – Менде керемет бір ой бар! ¨It might be an idea to try again later. – Кейін тағы да бір (талпынып) көрген жөн болар. ¨We've been toying with the idea of getting a dog. – Бір ит алсақ па деген оймен жүрген едік. ¨It seemed like a good idea at the time, and then it all went horribly wrong. – Алғашқыда дұрыс идея/ой сияқты көрінген, сосын бір сұмдық болды. ¨We're having a meeting to try to come up with ideas for fund-raising. – Жиналыс өткізіп, (жұрттан) қалай ақша жию керектігі туралы ойларымызды ортаға салмақпыз. ¨The latest big idea is to make women more interested in sport. – Соңғы идея/ой әйелдердің спортқа қызығушылығын арттыруды көздейді/әйелдерді спортқа қызықтыра түспек. 2. ~ (of sth) әсер; мәлімет, дерек ¨The brochure should give you a good idea of the hotel. – Брошюрада қонақ үй жайлы жақсы мәлімет болуы керек. ¨I had some idea of what the job would be like. – Ол жұмыс жайлы біраз хабардар едім.¨She doesn't seem to have any idea of what I'm talking about. – Ол менің не жайлы айтып тұрғанымнан мүлде хабарсыз (сияқты) көрінді. ¨I don't want anyone getting the wrong idea. – Ешкімнің (де) теріс түсінгенін қаламаймын. ¨An evening at home watching TV is not my idea of a good time. – Кешкілік үйде телевизор көріп отыру жақсы уақыт өткізу деп ойламаймын. ¨If this is your idea of a joke, then I don't find it very funny. – Қалжыңыңның түрі мынау болса, маған пәлендей қызық көрінбейді. 3. ~ (about sth) пікір, түсінік ¨He has some very strange ideas about education. – Білім жайлы оның оғаш пікірлері бар. 4. ~ (that…) пайым, түсінік ¨What gave you the idea that he'd be here? – Ол осында болады деп саған кім айтты? ¨I have a pretty good idea where I left it - I hope I'm right. – Мен оны (о затты) қайда қалдырғаным жақсы есімде – қателеспеймін деп ойлаймын. 5. the ~; ~ of sth/of doing sth мақсат ¨You'll soon getthe idea. – Жақында ұғатын боласың. ¨What's the idea of the game? – Ойынның тәртібі қандай? ¨The whole idea of going was so that we could meet her new boyfriend. – Барғанымыздағы бар мақсатымыз оның жаңа (дос) жігітін көру болды. 6. (idm) *give sb ideas/put ideas into sb's head біреуге (жөнсіз) ақыл-кеңес беру, басын қатыру ¨Who's been putting ideas into his head? – Саған ақыл айтқыштап жүрген кім? *have no idea/not have the faintest, first, etc. idea (informal) білмейтіндігін, хабары жоқтығын баса, қадай айту ¨‘What's she talking about?’ ‘I've no idea.’ – «Ол не айтып жатыр/жүр?» «Тіпті ұқпадым». ¨He hasn't the faintest idea how to manage people. – Ол адамдарды қалай басқару керектігін мүлде білмейді. ¨I had no idea she'd had such a difficult life. – Оның қиын өмір сүргені жайлы мүлде білмеппін. ¨I don't have any idea where he is. – Оның қайда екенін мүлде білмеймін. *have the right idea жөнін табу, дұрыс жолын, оң шешім табу ¨He's certainly got the right idea - retiring at 55. – Ол 55-інде зейнетке шығып, дұрыс істепті. *that's an idea! (informal) табылған ақыл! дұрыс ой! ¨I’m going to have some breakfast, aren’t you?’ ‘That’s an idea.’ – «Таңғы ас ішейін деп жатырмын, сенші?» «Ойың(ыз) дұрыс!» ¨‘Why don’t you invite Paula to come with us?’ ‘That’s an idea.’ – «Пауланы бізбен бірге жүр деп неге шақырмайсың?» «Табылған ақыл». *that's the idea! (informal) жарайсың! бәрекелді! ¨That's the idea! You're doing fine. – Жарайсың/Бәрекелді!Тамаша істеп жатырсың. *you have no idea… (informal) түсінбейсің, көзіңе сенбейсің, сену қиын, көзге елестету қиын ¨You've no idea how much traffic there was tonight. – Түнде қаншалықты көлік қозғалысы болғанын көрсең ғой, (көзіңе) сенбейсің.