if

if [ɪf] A.conj 1.егер, (с)өйтсе(ң-із-дер), болса, т.с.с. ¨If you see him, give him this note. – Оны көрсең, мына жазбаны бере салшы. ¨I'll only stay if you offer me more money. – Маған көбірек ақша ұсынсаңыз ғана қаламын. ¨If necessary, I can come at once. – Қажет болса, бірден келе аламын. ¨You can stay for the weekend if you like. – Қаласаң, апта соңында (осында) қалсаң болады. ¨If anyone calls, tell them I'm not at home. – Біреу телефон шалса, мені үйде емес де(гін). ¨If he improved his IT skills, he'deasily get a job. – (Егер) ол информациялық технологияға шеберлігін арттырса, сол жұмысқа тұра алады. ¨You would know what was going on if you'dlistened. – (Айтқанды) тыңдағанда, не болып жатқанын білер едің. ¨They would have been here by now if they'd caught the early train. – Ертеректегі поезға отырғанда, қазір олар осы жерде болар еді. ¨If I was in charge, I'd do things differently. – Жауапты (мен) болғанда, басқалай істер едім. ¨(rather formal) If I were in charge… - Мен жауапты болғанда ... ¨Even if you did see someone, you can't be sure it was him. – Біреу-міреуді көрсең де, оның сол екендігіне сенім жоқ. ¨If metal gets hot it expands. – Металл қызса, ұлғаяды. ¨She glares at me if I go near her desk. – Столының жанына жақындасам болды, ол ызалы көзбен қарайды. 2. (formal) (сыпайы түрде) өйтсеңіз, бүйтсеңіз (дұрыс болар еді) ¨If you will sit down for a few moments, I'll tell the manager you're here. – Сәл отыра тұрсаңыз, сіздің осында екеніңізді менеджерге айтамын. ¨If you would care to leave your name, we'll contact you as soon as possible. – Аты-жөніңізді қалдырсаңыз, мүмкіндігінше/неғұрлым тезірек сізбен хабарласатын боламыз. 3. тұспалдап, пайымдап сұрағанда қолд (syn: whether) ¨Do you know if he's married? – Ол үйленген бе екен, білесің бе? ¨I wonder if I should wear a coat or not. – Сырт киім (пальто, т.с.с.) кисем бе екен, жоқ па (екен). ¨He couldn't tell if she was laughing or crying. – Ол оның күліп не жылап жатқанын ажырата алмады. ¨Listen to the tune and see if you can remember the words. – Ырғақты тыңдап, сөздерді жаттай ала(ды) ма екенсің, көргін. 4. ¨I am sorry if I disturbed you. – (Сені/Сізді) мазаласам, ғафу өтінемін. ¨I'd be grateful if you would keep it a secret. – Бұны құпия сақтасаңыз/ешкімге айтпасаңыз, риза болар едім. ¨Do you mind if I turn the TV off? – Телевизорды өшірсем, қарсы емессіз бе? 5.¨If she has any weakness, it is her Italian. – Осал тұсы болса, (оның) итальяншасы. ¨So what if he was late. Who cares? – Кешіксе не болыпты. Кімнің шатағы қанша? 6. ¨He's a good driver, if a little over-confident. – Жақсы жүргізуші/шофер – сәл кеудесі/өркөкіректігі болмаса. ¨We'll only do it once - if at all. – Мұны бір-ақ рет істейміз – жалпы істесек. 7. ¨If you ask me, she's too scared to do it. – (Менен) сұрасаңыз, ол бұны істеуге тым қорқады дер едім. ¨If you think about it, those children must be at school bynow. – Бұны ойласаң, ол балалар қазір мектепте болулары керек. ¨If you remember, Mary was always fond of animals. – Есіңде болса, Мәри ылғи да жануарларды жақсы көретін. 8. ¨If I may make a suggestion, perhaps we could begin a little earlier next week. – Ұсыныс айта алсам/айтуға мүмкіндігім болса, келесі аптада сәл ертерек бастасақ болатын шығар. 9. (idm) *if and when (әйтеуір бір) сөйтетін болса ¨If and when we ever meet again I hope he remembers what I did for him. – Әйтеуір бір кездесе қалсақ, ол менің оған істегенімді (жақсылығымды) есіне алар деп ойлаймын. *if anything не/қалай дегенмен (де), қайткенде де ¨I'd say he was more like his father, if anything. – Қалай дегенмен де, ол оның әкесі сияқты болатын дер едім. ¨She's not thin - if anything she's on the plump side. – Ол жіңішке/арық емес – қайткенде/қалай дегенде де сәл толықтау. *if I were you сенің орныңда болсам/болғанымда, сен болсам ¨If I were you I'd start looking for another job. – Сен болсам, басқа жұмыс іздей бастар едім. *if not олай болмаса; тіпті солай да шығар, т.с.с. ¨I'll go if you're going. If not I'd rather stay at home. – Барсаң, барамын. Бармасаң, үйде қалғаным жөн болар. ¨Are you ready? If not, I'm going without you. – Дайынбысың/Әзірмісің? Болмаса(ң), өзім(-ақ) барамын. ¨Do you want that cake? If not, I'll have it. – Торт жегің келе ме? Қаламасаң, мен жеймін.¨They cost thousands if not millions of pounds to build. – Оларды салу үшін мыңдаған, тіпті миллиондаған да шығар, фунт жұмсалды.*if only болса ғой, өйткенде ғой ¨If only I were rich. – Бай болғанымда ғой/болғанымдашы. ¨If only I knew her name. – Атын білгенімде ғой/білсемші. ¨If only he'd remembered to send that letter. – Ол хатты жөнелту оның есінде болғанда ғой. ¨If only I had gone by taxi. – Таксимен барғанымда ғой/барғанымдашы.*it's not as if таңғалысты, түсінбестікті білд ¨I'm surprised they've invited me to their wedding - it's not as if I know them well. – Олардың үйлену тойларына шақырғанына таңым бар – тура бір мен оларды жақсы білетіндей. ¨Why do they never go on holiday? I mean it’s not as if they’re poor, is it? – Олар неге демалысқа бармайды екен? Тап бір кедей сияқты, иә? *only if (rather formal) (с)өйткенде ғана, сонда ғана ¨Only if a teacher has given permission is a student allowed to leave the room. – Мұғалім рұхсат берсе/бергенде ғана оқушы бөлмеден шыға алады. ¨Only if the red light comes on is there any danger to employees. – Қызыл жарық жанса/жанғанда ғана қызметкерлерге қауіп бар. B.n (informal) дүдамал күйді білд ¨If he wins - and it's a big if - he'll be the first Englishman to win for fifty years. – (Егер) ұтса – ұта қойса – елу жыл ішінде тұңғыш рет ұтқан ағылшын болады. ¨There are still a lot of ifs and buts before everything's settled. – Бәрі (де) орын орнына келгенше әлі талай мың құбылады.