image [ˈɪmɪdʒ] n 1. бет-бейне, бедел, имидж ¨His public image is very different from the real person. – Оның қоғамдағы бет-бейнесі/имиджі жеке адам ретіндегісінен әжептәуір бөлек. ¨The advertisements are intended to improve the company's image. – Жарнамалар компанияның бет-бейнесін/имиджін жақсартуды көздейді. ¨Image is very important in the music world. – Музыка әлемінде имидж - өте маңызды. ¨stereotyped images of women in children's books – балалар кітаптарындағы жаттанды болып қалған әйелдер бет-бейнесі/имиджі 2.есте қалған бейне, естелік ¨images of the past – өткен күн бейнелері ¨I had a mental image of what she would look like. –Оның келбетінің қандай болатынын ойша елестеттім. 3. (formal) сурет, бейне; мүсін ¨Images of deer and hunters decorate the cave walls. – Үңгір қабырғаларын бұғылар мен аңшылардың суреттері/бейнелері безендіріп тұр. ¨a wooden image of the Hindu god Ganesh – һинду(изм) құдайы Ганештің ағаш мүсіні 4.бейне ¨He stared at his own image reflected in the water. – Ол суда шағылысқан өз бейнесіне қарады. ¨Slowly, an image began to appear on the screen. – Баяу экранда бір бейне пайда бола бастады. 5.бейне, келбет ¨poetic images of the countryside – ауылды аймақтың поетикалық келбеті 6. (idm) *be the image of sb/sth өте ұқсау, айнымау ¨He's the image of his father. – Ол әкесінен айнымайды.