inch [ɪntʃ] A.n 1. (abbr in.) инч, дюйм (2.54 сантиметр) ¨1.14 inches of rain fell last night. – Өткен түні 289 мм (миллиметр) жауын жауды. ¨She's a few inches taller than me. – Ол менен бірнеше елі бойшаң/ұзын. ¨a fat envelope about half an inch thick – жарты елідей қалың семіз конверт ¨Since I started jogging I've lost three and a half inches from my waistline. – Жүгіре бастағалы бері белім тоғыз сантиметрге арықтады. 2.шағын мөлшер не қашықтық ¨He escaped death by an inch. – Өлімнен әзер аман қалды. ¨The car missed us by inches. – Машина жанымыздан жалай өтті десе де болады/Машина жанымыздан бір елі жерден өтті. ¨He was just inches away from scoring. – Ол гол салайын/ұпай алайын деп қалған еді. 3.(idm) *every inch a) түгін қалдырай, әр нүктесін, тұсын, тегіс ¨The doctor examined every inch of his body. – Дәрігер оның денесін тегіс/толығымен қарап шықты. ¨(figurative) If they try to fire me I'll fight them every inch of the way. – Олар мені жұмыстан шығармақ болса, олармен қайтпай айқасатын боламын. b) толығымен ¨In his first game the young player already looked every inch a winner. – Өзінің алғашқы ойынында жас ойыншының шынымен де мықты екені көрініп тұрды. *give sb an inch (and they'll take a mile/yard) (мәтел) «біреуге бір елі берсең бір құлаш сұрайды», ерік берсең есіреді *inch by inch өте баяу, сырғи басып, біртіндеп, абайлап ¨She crawled forward inch by inch. – Ол өте баяу еңбектеді/жер бауырлай сырғыды. *not budge/give/move an inch мызғымау, тырп етпеу, илікпеу ¨We tried to negotiate a lower price but they wouldn't budge an inch. – Бағаны түсірмек болып саудаласып едік, олар илікпеді. *within an inch of sth/of doing sth өте жақын ¨She was within an inch of being killed. – Ол өлуге аз қалды/Ол өлімнен әзер аман қалды. ¨They beat him(to)within an inch of his life. – Олар оны өлімші етіп сабады/ұрды. B.v өте баяу жылж(ыт)у, ілбу ¨She moved forward, inching towards the rope. – Ол арқанға қарай өте баяу жылжыды/ілбіді. ¨~ sth I inched the car forward. – Машинаны алға сәл жылжыттым. ¨He inched his way through the narrow passage. – Ол тар өткелмен/жолмен өзін сүйретті.