inflation [ɪnˈfleɪʃn] n 1.инфляция (бір елдегі товарлар мен заттар бағасының жалпы алғандағы өсімі) (opp: deflation) ¨the fight against rising inflation – артып бара жатқан инфляциямен күрес ¨to control/curb inflation – инфляцияны бақылау/ауыздықтау ¨to reduce/bring down inflation – инфляцияны азайту/түсіру ¨a high/low rate of inflation – инфляцияның жоғары/төмен деңгейі ¨an inflation rate of 3% - 3% болатын инфляция деңгейі ¨Wage increases must be in line with inflation. – Жалақы инфляцияға қарай өсіп отыруы керек. ¨Inflation is currently running at 3%. – Инфляция қазір 3% болуда. ¨rapid/runaway/galloping inflation – шапшаң/ұстатпаған/көсіле шапқан инфляция ¨The annual rate of inflation fell to 0.1% in 2008. – 2008 жылы инфляцияның жылдық деңгейі 0.1% түсті. 2. үрлеу, ауа тол(тыр)у (opp: deflation) ¨life jackets with an automatic inflation device – автоматты/өздігінен үрлейтін тетігі бар құтқару кеудешелері