inform [ɪnˈfɔːm] v 1.хабарлау, хабар беру, хабардар ету, мәлімет беру, информация беру ¨~ sb (of/about sth) Please inform us of any changes of address. – Адрес өзгерсе, бізге хабарла(ңыз-дар). ¨The leaflet informs customers about healthy eating. – Брошюра тұтынушыларға дұрыстап тамақтану жайында айтады. ¨He went to inform them of his decision. – Оларға өз шешімі жайлы хабар беру үшін кетті. ¨Inform me at once if there are any changes in her condition. – Оның халінде қандай да бір өзгерістер болса, маған бірден хабар бер(гін). ¨Have the police been informed? – Полицияға хабар берілді ме? ¨~ sb that… I have been reliably informed that the couple will marry next year. – Маған өзім сенетін бір кісі (жаңағы) екеуінің келесі жылы үйленетінін айтты. ¨A notice informed the guests that formal dress was required. – Хабарламада қонақтардың ресми киіну керектігі (жайлы) айтылған. ¨I am pleased to inform you that you have won first prize in this month's competition. – Саған осы айдағы сайыста бірінші орынды ұтып алғаныңды хабарлау көңілімді көтереді. ¨~ sb ‘He's already left,’ she informed us. – «Ол кетіп қалған», деп ол бізге хабарлады. ¨~ sb when, where, etc… I have not been informed when the ceremony will take place. – Рәсімнің/Шараның қашан болатыны жайлы маған хабар бермеді. 2. ~ yourself (of/about sth) бірн-е жайлы білу, ақпар табу ¨We need time to inform ourselves thoroughly of the problem. – Бұл проблема жайлы тәптіштеп білу үшін өзімізге уақыт керек. 3. ~ sth (formal) әсер, ықпал ету, әсері, ықпалы болу ¨Religion informs every aspect of their lives. – Дін олардың өмірінің барлық жағына әсер етеді. ¨These guidelines will be used to inform any future decisions. – Мына нұсқаулар келешектегі кез-келген шешімге ықпал ететін болады. 4. (phr v) *inform on sb біреу(лер) жайлы тиісті орындарға хабар беру ¨He informed on his own brother. – Ол өз бауыры жайлы тиісті орындарға хабарлады.