inherit [ɪnˈherɪt] v 1. ~ (sth) (from sb) мұраға алу ¨She inherited a fortune from her father. – Әкесінен оған дәулет қалды. ¨He will inherit the title on the death of his uncle. – Ағасы қайтыс болғанда атақ оған өтеді. ¨(ауысп. мағ.) policies inherited from the previous administration – бұрынғы әкімшіліктен қалған істер ¨(ауысп. мағ.) I inherited a number of problems from my predecessor. – Ізашарымнан (маған дейін істеген қызметкерден) біршама проблема қалды. 2. ~ sth (from sb) тұқыммен берілу/дару, тұқымына ұқсау ¨He has inherited his mother's patience. – Шешесінің/Анасының төзімділігі оған беріліпті/дарыпты. ¨She inherited a passion for music from her grandfather. – Атасының музыкаға деген ынтықтығы оның бойына дарыпты. ¨an inherited disease – тұқым қуалайтын ауру/дерт