initiate A.v [ɪˈnɪʃieɪt] 1. ~ sth (formal) бастау, кірісу, қолға алу (syn: set in motion) ¨to initiate legal proceedings against sb – біреуге қарсы сот ісін бастау ¨The government has initiated a programme of economic reform. – Үкімет экономикалық реформа программасын қолға алды. 2. ~ sb (into sth) үйір ету, ауыздандыру; көрсету, үйрету ¨Many of them had been initiated into drug use at an early age. – Олардың көпшілігін есірткіге ерте жастан үйір еткен/ауыздандырған. ¨His uncle initiated him into the pleasures of sailing. – Ағайы оған қайықпен жүзудің қызықтарын көрсетті. 3. ~ sb (into sth) (құпия рәсім арқылы ұйымға, т.с.с.) мүше ету, енгізу ¨Hundreds are initiated into the sect each year. – Жыл сайын сектаға жүздеген мүше енеді. B.n [ɪˈnɪʃiət] ұйымның жаңа мүшесі, «тәліп»