inspire [ɪnˈspaɪə(r)] v 1. жігерлендіру, құлшындыру, серпілту, рухтандыру, қанаттандыру ¨~ sb (with sth) The actors inspired the kids with their enthusiasm. – Актерлар балаларды өздерінің құлшынысымен/энтузиазмымен қанаттандырды. ¨The actors' enthusiasm inspired the kids. – Актерлардың құлшынысы балаларды жігерлендірді. ¨~ sb to sth His superb play inspired the team to a thrilling 5–0 win. – Оның керемет ойынының арқасында команда тамсандырарлық 5-0 есебімен жеңді. ¨~ sb to do sth By visiting schools, the actors hope to inspire children to put on their own productions. – Мектептерді аралап актерлар балаларды жақсы іске құлшындырмақшы, сөйтіп сондай эпизодтарды өз жұмыстарында пайдаланбақ. 2. ~ sth шабыттандыру, рухтандыру, жігерлендіру, құлшындыру ¨The choice of decor was inspired by a trip to India. – Бұндай декорация/безендіру Индияға сапардан кейін ойға келді. ¨His paintings were clearly inspired by Monet's work. – Оның суреттері Монеттің туындыларына еліктей салынған. 3.жігерлендіру, көңілін тасыту, рухтандыру ¨~ sb (with sth) Her work didn't exactly inspire me with confidence. – Оның жұмысы мені пәлендей жігерлендірмеді. ¨~ sth (in sb) As a general, he inspired great loyalty in his troops. – Генерал ретінде әскері оны пір тұтатын.