install [ɪnˈstɔːl] v 1. ~ sth орнату, құру, орналастыру ¨He's getting a phone installed tomorrow. – Оған ертең телефон орнатады. ¨The hotel chain has recently installed a new booking system. – Қонақ үй(лер) тобы/тізбегі жуырда жаңа заказ/тапсырыс беру жүйесін орнатты. ¨I'll need some help installing the software. – Мына компьютерлік программаны орнатуға маған біраз көмек керек. 2. ~ sb (as sth) тағайындалу, қызметке кірісу ¨He was installed as President last May. – Ол өткен мамырда президенттік жұмысына кірісті. 3. ~ sb/yourself жайғасу, орнығу ¨We installed ourselves in the front row. – Өзімізді алдыңғы қатарға орнықтырдық.