insult A.v [ɪnˈsʌlt] тіл тигізу, намысына тию, шамына, арына тию, кемсіту; балағаттау, боқтау, тілдеу ¨I have never been so insulted in my life! – Өмірімде ешкім бүйтіп намысыма тимепті/қорламапты! ¨She felt insulted by the low offer. – Ұсыныстың төмендігі оның шамына тиді. ¨You insult my intelligence! – Мені ақымақ көріп отырсың(ыз) ғой! B.n [ˈɪnsʌlt] жаман сөз, тіл тигізу, намысқа тиетін сөз ¨The crowd were shouting insults at the police. – Топ полицияны балағаттап жатты. ¨~ to sb/sth His comments were seen as an insult to the president. – Оның айтқандары президентті тілдеу деп бағаланды. ¨The questions were an insult to our intelligence. – Мұндай да орашолақ сұрақтар болады екен-ау.