intent [ɪnˈtent] A.adj 1.үңілген, түйілген, шұқшиған, телмірген, қадалған, өте қызыға қараған ¨an intent gaze/look – үңіле/сұраулы телміріс/қарас ¨His eyes were suddenly intent. – Кенет көздері үңіле түсті. ¨His face filled with an intent curiosity. – Жүзін сұраулы үңіліс/шұқшиыс жайлады. 2. (formal) (бірн-е істеуге) бел шешкен, оқталған, істемек болған ¨~ on/upon sth They were intent on murder. – Олар кісі өлтірмек болған. ¨~ on/upon doing sth Are you intent upon destroying my reputation? – Ойың беделімді құрту ма? 3. ~ on/upon sth бас алмаған, қолы босамаған, қолы тимеген ¨I was so intent on my work that I didn't notice the time. – Жұмысқа шүйліккенім сонша(ма), уақытты байқамаптым/-пын. ¨The bright brown eyes were intent on Marie. – Ашық қоңыр көздер Мәриге үңіле қарады. B.n 1.~ (to do sth) (formal or law) ниет, мақсат (syn: intention) ¨She denies possessing the drug with intent to supply. – Ол өзіндегі есірткіні таратпақ ниеті болмағанын айтты. ¨He was charged with wounding with intent. – Оған әдейі жаралады деген айып тағылды. ¨a letter/statement of intent – ниет хаты/мәлімдемесі ¨His intent is clearly not to placate his critics. – Оның ниетінің өзін сынағандарды тыныштандыру емес екені анық. 2. (idm) *to all intents and purposes (BrE) (NAmE for all intents and purposes) мүлде дерлік, толығымен дерлік, іс жүзінде ¨By 1981 the docks had, to all intents and purposes, closed. – 1981 жылға қарай барлық доктар/айлақтар жабылып қалды деуге болады. ¨The two items are, to all intents and purposes, identical. – Екі затты бірдей/ұқсас деуге болады.