interconnect [ˌɪntəkəˈnekt] v өзара байланыс(тыр)у, қос(ыл)у, жалғау, жалғастыру ¨~ A with B Bad housing is interconnected with debt and poverty. – Тұрғын үймен нашар қамдау борышкерлік және кедейлікпен өзара байланысты. ¨~ A and B Bad housing, debt and poverty are interconnected. – Тұрғын үймен нашар қамдау, борышкерлік және кедейлік өзара байланысты. ¨electronic networks which interconnect thousands of computers around the world – дүние жүзіндегі мыңдаған компьютерлерді өзара жалғайтын электронды жүйелер ¨~ (with sth) separate bedrooms that interconnect – өзара жалғасатын бөлек-бөлек жатын бөлмелер ¨The dining room interconnects with the kitchen. – Тамақ ішетін бөлме ас үйге/кухняға жалғасып жатыр.