interest [ˈɪntrəst; ˈɪntrest] A.n 1. ~ (in sb/sth) қызығу(шылық), ынта, зейін, ықылас, ниет, құлық, құмарлық, құштарлық ¨to feel/have/show/express (an) interest in sth – бірн-ге қызығушылығы (ниеті) болу/қызығушылық (ынта) таныту/білдіру ¨Do your parents take an interest in your friends? – Ата-анаң достарың жайлы сұрай(ды) ма? ¨By that time I had lost (all) interest in the idea. – Ол уақытта бұл идеяға/ойға деген барлық ынтамды жоғалтқанмын. ¨I watched with interest. – Қызыға қарадым/көрдім. ¨As a matter of interest, what time did the party finish? – Айтпақшы/Білейін дегенім, сауық-кеш қай уақытта бітті/тарқады? ¨Just out of interest, how much did it cost? – Айтпақшы/Білгім келгені, (құны) қанша тұрады екен? 2.қызық (нәрсе); тартымдылық; бағалы, қызықты нәрсе ¨There are many places of interest near the city. – Қаланың жанында қызық(ты) жерлер көп. ¨The subject is of no interest to me at all. – Бұл тақырып маған мүлде қызық емес. ¨These plants will add interest to your garden in winter. – Мына өсімдіктер қыста бақшаңды тартымды ете түседі. ¨These documents are of great historical interest. – Бұл документтер – өте құнды тарихи дүниелер. ¨to be of cultural/scientific interest – мәдени/ғылыми бағалы (нәрсе) болу ¨This museum holds particular interest for geologists. – Музей геологтар үшін өте маңызды/қызықты. 3.ермек, хобби, алданыш ¨Her main interests are music and tennis. – Оның негізінен жақсы/қызық көретіндері - музыка мен теннис/Ол негізі музыка мен теннисті ермек қылады. ¨He was a man of wide interests outside his work. – Жұмысынан тыс оның қызық көретін нәрселері көп етін. 4. ~ (on sth) (finance) қарыз өсімі, несие өсімі (мөлшері), проценттік ставка ¨to pay interest on a loan – қарыздың өсімін/проценттік ставкасын төлеу ¨The money was repaid with interest. – Ақша өсімімен қоса қайтарылды/өтелді. ¨interest charges/payments – өсім төлемдері/проценттік төлемдер ¨Interest rates have risen by 1%. – Банк өсімі мөлшері/проценттік ставкасы 1%-ке өсті. ¨high rates of interest – жоғары өсім мөлшері/проценттік ставка 5.мүдде, пайда, қам, мақсат ¨to promote/protect/safeguard sb's interests – біреудің мүддесін/пайдасын ілгерілету/қорғау ¨She was acting entirely in her own interests. – Ол мүлде/толықтай өз пайдасын/қамын ойлай әрекеттеніп жрді. ¨These reforms were in the best interests of local government. – Бұл реформалар жергілікті биліктің мүддесіне/-імен толықтай сай келеді. ¨It is in the public interest that these facts are made known. – Бұл фактілерді/жайттарды жария ету қоғам пайдасы үшін қажет. 6. ~ (in sth) қам, пайда, мүдде, ниет, ынта, ықылас ¨She has business interests in France. – Оның Францияда бизнес мүдделері/ниеттері бар/іскерлік мақсаттары/ынталары бар. ¨American interests in Europe. – Американың Европадағы (экон-қ) мүдделері/пайдалары/ықыластары/ниеттері. 7. ~ (in sth) ықылас, ниет(тілік), ынта(лылық) ¨I should, at this point, declare my interest. – Осы тұста өз ықыласымды/ынтамды/ниетімді білдіргім келеді. ¨Organizations have an interest in ensuring that employee motivation is high. – Ұйымдар жұмысшы ынтасының/құлшынысының жоғары болуына/болғанына жағдай жасауға ниетті. 8.іскер топтар, салалық топтар ¨powerful farming interests – ауыл шаруашылығындағы қуатты топтар ¨relationships between local government and business interests – жергілікті билік пен іскер топтар арасындағы қатынастар 9. (idm) *do sth (back) with interest (біреудің) есесін одан да көп етіп қайтару *have sb's interests at heart біреуге іштей жақсылық тілеу, іштей тілеулес болу *in the interest(s) of sth мүддесіне, пайдасына бола, бірн-е үшін ¨In the interest(s) of safety, smoking is forbidden. – Сақтық үшін темекі тартуға тыйым салынған. B.v 1.қызығыу, ынта, зейін қою; қызықтыру, көңіл аударту ¨~ sb Politics doesn't interest me. – Саясат мені қызықтырмайды. ¨The museum has something to interest everyone, young and old. – Музейде әркім үшін, жас я кәрі болсын, қызықты нәрселер бар. ¨~ sb/yourself in sth She has always interested herself in charity work. – Ол ылғи да өзінің көңілін қайырымдылық жұмысқа бөлді. ¨it interests sb to do sth It may interest you to know that Andy didn't accept the job. – Біле жүргенің жөн болар, Әнди жұмысты жаратпады. 2. (phr v) *interest sb in sth біреуді бірнәрсеге (қолқалап) көндіру ¨Could I interest you in this model, Sir? – Мына модельге көңіліңізді бұрсам қалай болады, Сэр?