interview [ˈɪntəvjuː] A.n 1.сұхбат, интервью, әңгіме; оңаша мәслихат, кеңесу ¨a job interview – жұмысқа алу интервьюі/сұхбаты ¨to be called for (an) interview – (жұмысқа тұру үшін, т.с.с.) әңгімелесуге шақыры(л)у ¨~ for a job, etc. He has an interview next week for the manager's job. – Келесі аптада онымен менеджерлік жұмыс бойынша әңгімелеседі. ¨an interview with the careers adviser – карьера жөніндегі кеңесшімен әңгіме ¨Interviews and questionnaires are the most important tools in market research. – Кеңесулер/Әңгімелесулер мен сауалнамалар рынокты зерттегендегі ең маңызды құралдар/әдістер. ¨a police interview – полициямен/-дағы әңгіме 2. (баспасөзге) интервью, сұхбат ¨a television/radio/newspaper interview – телевизия/радио/газет интервьюі ¨~ (with sb) an interview with the new Governor – жаңа губернатормен интервью/сұхбат ¨to give an interview – интервью беру ¨Yesterday, in an interview on German television, the minister denied the reports. – Кеше неміс телеарнасына сұхбаты кезінде министр әлгі хабарды терістеді. ¨to conduct an interview – интервью алу ¨The interview was published in all the papers. – Барлық газеттерде интервью басылды. B.v 1. әңгімелесу, сұхбаттасу, интервью алу; мәслихат құру, кеңесу ¨Which post are you being interviewed for? – Қай қызметке сенімен/сізбен әңгімелесуде? ¨We interviewed ten people for the job. – Жұмыс бойынша он кісімен сөйлестік. ¨(BrE, NAmE) If you don't interview well you are unlikely to get the job. – Интервью/Әңгіме кезінде өзіңді дұрыс көрсетпесең, жұмысқа тұруың неғайбыл. ¨The police are waiting to interview the injured man. – Полиция жарақат алған адаммен сөйлесу үшін күтіп отыр. 2. сұхбат алу, сұхбаттасу, интервью алу ¨~ sb about sth Next week, I will be interviewing Spielberg about his latest movie. – Келесі аптада Спилбергтен оның келесі фильмі хақында интервью алатын боламын. ¨~ sb The Prime Minister declined to be interviewed. – Премьер-министр сұхбаттан бас тартты.