intimate A.adj [ˈɪntɪmət] 1.жақын, дос, достас ¨intimate friends – жақын достар ¨We're not on intimate terms with our neighbours. – Көршілерімізбен жақындығымыз жоқ. 2.жеке басының, өзінің ғана ¨The article revealed intimate details about his family life. – Мақалада оның жанұя өмірінің көзден таса тұстары баяндалған. ¨the most intimate parts of her body – денесінің өте ұятты мүшелері 3.жанға жайлы, ұядай, жақындастыратын, етене ететін ¨an intimate restaurant – жанға жайлы ресторан ¨He knew an intimate little bar where they would not be disturbed. – Ол ешкім мазалай қоймайтын ұядай бір шағын барды білетін. 4.егжей-тегжейлі, жан-жақты, терең ¨an intimate knowledge of the English countryside – ағылшын ауылды аймағын егжей-тегжейлі білу 5.тығыз, өте жақын, қабысқан ¨the intimate connection between physical and mental health – дене саулығы/амандығы мен ес саулығы арасындағы тығыз байланыс 6. ~ (with sb) (formal or law) ашына, көңілдес, жыныс қатынасындағы, интимді B.v [ˈɪntɪmeɪt] (formal) тұспалдай айту, суыртпақтау, меңзеу (syn: make known) ¨~ sth (to sb) He has already intimated to us his intention to retire. – Отставкаға кетпек ниетін ол бізге суыртпақтай айтқан. ¨~ (that)… He has already intimated (that) he intends to retire. – Отставкаға кеткісі келетінін тұспалдай білдірген. C.n [ˈɪntɪmət] (formal) жақын дос ¨He was a wartime minister and intimate of Churchill. – Ол соғыс кезінде министр болған әрі Черчильдің жақын досы еді.