into [ˈɪntə; before vowels ˈɪntu; strong formˈɪntuː] prep 1. -ға, -ге, -қа, -ке, бір жаққа ¨Come into the house. – Үйге кір(іңіз-дер). ¨She dived into the water. – Ол суға сүңгіді. ¨He threw the letter into the fire. – Ол хатты отқа тастады. ¨(figurative) She turned and walked off into the night. – Ол бұрылды да қараңғылыққа еніп кетті/қараңғымен кетті. 2.бір жаққа қарай ¨Speak clearly into the microphone. – Микрофонға анық сөйле(ңіз-дер). ¨Driving into the sun, we had to shade our eyes. – Күнге қарсы айдағанда көзімізді қалқалауға тура келді. 3.бірнәрсеге (ұрыну) ¨The truck crashed into a parked car. – Жүк машинасы тұрақтағы көлікке барып соғылды. 4.белгілі бір кезеңге дейін ¨She carried on working late into the night. – Ол түннің бір уақтарына дейін істеуін жалғастыра берді. ¨He didn't get married until he was well into his forties. – Ол қырықтың біразына келгенге дейін үйленбеді. 5.бірнәрсеге (айналдыру) ¨The fruit can be made into jam. – Жемістен джем жасауға болады. ¨Can you translate this passage into German? – Мына тұсты немісшеге аудара аласың(ыз) ба? ¨They came into power in 2008. – Олар билікке 2008 жылы келген. ¨She was sliding into depression. – Ол депрессияға/торығуға ойыса бастады. 6.бірнәрсені іздестіру, зерттеу ¨I’ve been doing some research into this. – Мен мұны біршама зерттеп жүргенмін. 7.бірнәрсеге қатысты ¨an inquiry into safety procedures – сақтық шараларын тексеру 8.бөлу ¨3 into 24 is 8. – 24-ті 3-ке бөлсе 8 болады. 8. (idm) *be into sb for sth (US, informal) қарыз болу, қарыз беру ¨By the time he'd fixed the leak, I was into him for $500. – Тесікті жамап болған кезде оған $500 берешек болдым. ¨He’s into me for $50. – Ол маған $50 қарыз.  ¨The bank was into her for $100 000. – Банк оған $100 000 қарыз болды. *be into sth (informal) бірнәрсеге қызығу, зейін қою ¨I’m really into folk music. – Фольклорға/Халық музыкасына шынымен де қызығамын.