introduce [ˌɪntrəˈdjuːs] v 1.таныстыру ¨~ sb Can I introduce my wife? – Әйелімді/Жұбайымды таныстырсам бола(ды) ма? ¨~ A to B (as sth) He introduced me to a Greek girl at the party. – Сауық-кеште ол мені грек қызға таныстырды. ¨She was introduced to me as a well-known novelist. – Ол маған аса танымал романист/жазушы ретінде таныстырылды. ¨~ A and B We've already been introduced. – Бізді таныстырып қойған/таныстырған. ¨~ yourself (to sb) Can I introduce myself? I'm Helen Robins. – Өзімді таныстырсам бола(ды) ма? Мен Һелен Робинспін. ¨‘Kay, this is Steve.’ ‘Yes, I know - we've already introduced ourselves.’ – «Кэй, бұл – Стив». «Иә, білемін – бір-бірімізбен танысып қойғанбыз». 2. ~ sb/sth хабарды жүргізу; (хабар қонағын) таныстыру ¨The next programme will be introduced by Mary David. – Келесі хабарды (телерадио программаны) Мәри Дэвид жүргізеді. ¨May I introduce my first guest on the show tonight… - Бүгінгі кешкі шоуымыздың алғашқы қонағын таныстыруға рұхсат етіңіздер... 3. (сабақты) таныстыру, көрсету ¨~ sb to sth The first lecture introduces students to the main topics of the course. – Алғашқы лекцияда курста өтетін негізгі тақырыптар жайлы айтылады. ¨He was first introduced to drugs by his elder brother. – Есірткіге оны алғаш рет ағасы ауыздандырды. ¨~ sth (to sb) It was she who first introduced the pleasures of sailing to me. – Желкенмен жүзудің қызығын алғаш маған көрсеткен (с)ол. 4.енгізу, таныстыру (syn: bring in) ¨~ sth The company is introducing a new range of products this year. – Компания осы жылы бірқатар жаңа өнімдер шығара бастайды. ¨The new law was introduced in 2007. – Жаңа заң 2007 жылы енгізілген. ¨~ sth into/to sth We want to introduce the latest technology into schools. – Соңғы технологияны мектептерге енгізгіміз келеді. 5. ~ sth (to/into sth) әкелу, таныстыру ¨Vegetation patterns changed when goats were introduced to the island. – Ешкілерді аралға әкелген соң өсімдік жамылғысы/вегетация ахуалы өзгерді. 6. ~ sth жаңа нәрсені бастау, таныстыру ¨Bands from London introduced the craze for this kind of music. – Жұрттың құштар еткен осы музыканы алғаш таныстырған лондондық эстрадалық топтар. ¨A slow theme introduces the first movement. – Алғашқы әрекет баяу музыкамен басталады. ¨The peace agreement has introduced a feeling of optimism here. – Бейбітшілік келісімі бұнда үміт ұялата бастады. 7. ~ sth жаңа заңды таныстыру ¨to introduce a bill – (парламентте) жаңа заңды таныстыру 8. ~ sth (into sth) (formal) қосу, қою, салу, құю ¨Fuel was introduced into the jet pipe. – Жанармай түтікке құйылды.