invoke [ɪnˈvəʊk] v 1. ~ sth (against sb) (белгілі бір заңға, ережеге, тәртіпке) сілтеме жасау, әрекетті заңға, т.с.с. негіздеу ¨The UN threatened to invoke economic sanctions if the talks were broken off. – БҰҰ келіссөздер үзілсе экономикалық санкцияларды енгізетінін айтып қатаң ескертті/қорқытты. ¨It is unlikely that libel laws will be invoked. – Жала туралы заңдардың қолданылатыны неғайбыл. 2. ~ sb/sth (бір адамға, теорияға, т.с.с.) сілтеме жасау, сүйену, сілтеме жасай отырып негіздеу ¨She invoked several eminent scholars to back up her argument. – Ол өз пікірін қорғай бірнеше әйгілі ғалымға сілтеме жасады. 3. ~ sth еске алу, еске түсіру ¨His name was invoked as a symbol of the revolution. – Революция символы ретінде оның атын атап еске алды. ¨During his speech, he invoked the memory of Harry Truman. – Өз сөзінде ол Гарри/Һәрри Трумәнді еске алды. 4. ~ sb (құдайдан, т.б.) өтіну, жалбарыну 5. ~ sth ойға оралу, еске алу, елестету (syn: evoke) ¨The opening paragraph invokes a vision of England in the early Middle Ages. – Кіріспе параграфта орта ғасырдағы Англия көзге елестейді. ¨a painting that invokes images of the Rocky Mountains – Рокки Маунтинді (Жартас тауларды) елестет(кіз)етін сурет/картина 6. ~ sth (computing) белгілі бір функцияны бастау ¨This command will invoke the HELP system. – Бұл бұйрық ЖӘРДЕМ жүйесін қосады. 7. ~ sb/sth сыйқыр арқылы сайтанды пайда болғызу