ironic [aɪˈrɒnɪk] adj (also less frequent ironical [aɪˈrɒnɪkl]) келемеж ететін, тәлкек ететін, кекететін, келеке қылатын, әжуалайтын, мысқылды, мазақтайтын, ирония(лық), бірқызық, оғаш ¨Your car was stolen at the police station! How ironic! – Машинаң полиция учаскесінде ұрланыпты ғой! Бұндай да (келемеж) болады екен-ау!/Тап біреу әдейі кекеткен/әжуалаған сияқты! ¨It’s ironic that her husband smoked for thirty years, and yet she’s the one who died of lung cancer. – Тағдырдың тәлкегі-ай/мазағы-ай десеңші, күйеуі отыз жыл темекі тартса да(ғы), өкпе рагынан өлген өзі болды. ¨In an ironic twist, the most trustworthy character in the film turned out to be the thief. – Бір қызығы, фильмдегі ең жағымды кейіпкер ұры болып шықты. ¨an ironic comment – келемеждей/кекете/мысқылдай сөйлеу ¨It's ironic that she became a teacher - she used to hate school. – Оның мұғалім болғаны қызық екен – мектепті жеккөретін.