irony [ˈaɪrəni] n (pl -nies) 1.келемеж, кекесінді жағдай, әжуа, тәлкек, мысқыл, мазақ, бірқызық, оғаш, ирония ¨The irony is that when he finally got the job, he discovered he didn't like it. – Бір таңырқататыны сол/Келемеж деп осыны айт, жұмысқа әупірімдеп қолы жеткенде өзі оны жақтырмайтын болып шықты. ¨It was one of life's little ironies. – Бұл өмірдің кішігірім келемеждерінің/ тәлкектерінің бірі болды. 2.келемеж, кекесін, кекету, әжуа, мысқыл, мазақ ¨‘England is famous for its food,’ she said with heavy irony. – «Англия тамағымен әйгілі», деді ол қою кекесінмен/әжуамен. ¨There was a note of irony in his voice. – Даусында кекесін табы/әжуа лебі болды. ¨She said it without a hint/trace of irony. – Ол бұны төтесінен айтып салды.