issue [ˈɪʃuː; BrE also ˈɪsjuː] A.n 1.мәселе, проблема, сұрақ; кілтипан, гәп ¨a key/sensitive/controversial issue – негізгі/нәзік/күрделі мәселе ¨This is a big issue; we need more time to think about it. – Бұл – үлкен мәселе. Бұны ойлау үшін бізге көбірек уақыт керек. ¨She usually writes about environmental issues. – Ол әдетте экологиялық мәселелер бойынша жазады. ¨The union plans to raise the issue of overtime. – Кәсіподақ артық уақыт жұмыс істеу мәселесін көтермек. ¨The party was divided on this issue. – Осы мәселе бойынша партия жікке бөлінді. ¨You're just avoiding the issue. – Сен/Сіз әншейін/жай мәселеден жалтарып тұрсың(ыз). ¨Don't confuse the issue. – Мәселені шатастырма. ¨Money is not an issue. – Ақша – мәселе емес. ¨I don't think my private life is the issue here. – Жеке өмірім бұл жерде проблема деп ойламаймын. ¨I'm not bothered about the cost -you're the one who's making an issue of it. – Бағасын ойлап/уайымдап отырған жоқпын – бұны проблема жасап отырған сенсің. ¨Because I grew up in a dysfunctional family, anger is a big issue for me. – Нашар отбасында өскендігімнен, ашу деген мен үшін үлкен проблема. ¨She's always on a diet - she has issues about food. – Ол ылғи да диетада – тамаққа келгенде онда бір кілтипан бар. ¨He still has some issues with women. – Оның әйелдермен біраз мәселесі бар. ¨If you have any issues, please call this number. – Сұрағыңыз болса, осы нөмірге шалыңыз. 2.басылым, номер (газеттің, т.с.с.) ¨the July issue of ‘What Car?’ – «Қандай машина?» журналының шілдедегі басылымы. ¨The article appeared in issue 25. – Мақала 25-інші номерде жарық көрді. 3.шығарылым, таратылым ¨The company is planning a new share issue. – Компания акцияларын жаңадан биржаға шығармақшы. ¨a special issue of stamps – арнайы почта маркасын шығару 4.жеткізу; шығару ¨I bought a set of the new stamps on the date of issue. – Жаңа маркалар жинағын олар жарық көрген күні сатып алдым. ¨the issue of blankets to the refugees – босқындарға көрпелер беру/жеткізу ¨the issue of a joint statement by the French and German foreign ministers – Франция және Германия сыртқы істер министрлерінің бірлескен мәлімдемесі(нің жариялануы) 5. (law) бала, перзент ¨He died without issue. – Одан ұрпақ қалмады. 6. (idm) *be at issue басты, негізгі мәселе болу ¨What is at issue is whether she was responsible for her actions. – Ең басты мәселе – ол өз істеріне жауапты болды ма деген сұрақ. *take issue with sb (about/on/over sth) (formal) қарсы пікір айту, пікір таластыру ¨I must take issue with you on that point. – Бұл жерде сенімен/сізбен келіспейтінімді айтуым керек. B.v 1. ~ sth (to sb) жариялау, мәлім ету ¨They issued a joint statement denying the charges. – Олар айыптауларды терістеген бірлескен мәлімдеме жасады. ¨The police have issued an appeal for witnesses. – Полиция куәлердің келуін өтініп үндеді. 2.беру ¨~ sth to issue passports/visas/tickets – паспорт/виза/билет беру ¨~ sb with sth New members will be issued with a temporary identity card. – Жаңа мүшелерге уақытша куәлік берілетін болады. ¨~ sth to sb Work permits were issued to only 5% of those who applied for them. – Жұмыс рұхсаты жұмысқа тұруға рұхсат арыз жазғандардың 5%-іне ғана берілді. 3. ~ sth біреуге қарсы тергеу не сот процесін бастау ¨to issue a writ against sb – біреуге сот қағазын беру ¨A warrant has been issued for his arrest. – Біреуді тұтқындау үшін ордер берілді. 4. ~ sth (газет, т.с.с.) шығару, басу ¨We issue a monthly newsletter. – Біз айлық бюллетень шығарамыз. 5. ~ sth жаңа марка, акция, тиын шығару ¨They issued a special set of stamps to mark the occasion. – Айтулы күнге орай арнайы маркалар жиынтығын шығарды. 6. (phr v) *issue from sth (formal) шығу ¨A weak trembling sound issued from his lips. – Әлсіз, дірілдеген дыбыс оның ернінен шықты.