item [ˈaɪtəm] n 1.мәселе, сұрақ, пункт ¨What's the next item on the agenda? – Күн тәртібіндегі келесі сұрақ/мәселе/пункт не? 2.зат, нәрсе ¨Can I pay for each item separately? – Әр зат үшін жеке-жеке төлесем бола(ды) ма? ¨The computer was my largest single item of expenditure. – Компьютер мен шығынданған ең ірі зат болды. ¨A windproof jacket is an essential item of clothing for hillwalking. – Жел өткізбейтін куртка - қырды кезгенге ең қажет(ті) киім. ¨This clock is a collector's item. – Бұл коллекциялық (көне, бағалы әрі сирек кездесетін) сағат. 3. (баспасөздегі) жаңалық(тың бірі) ¨an item of news/a news item – жаңалық/хабар жаңалықтарының бірі ¨I heard an item on the radio about women engineers. – Радиодан әйел инженерлер жайлы хабар естідім. 4. (idm) *be an item (informal) көңілдестік, ашыналық қатынаста болу ¨Are they an item? – Олар (бір-бірімен) жүре ме?