jam [dʒæm] A.n 1.джәм, джем (жеміс-жидек пен қантты араластыра қайнатқанда алынатын қоймалжың тәтті) ¨strawberry jam – бүлдірген/құлпынай джемі ¨recipes for jams and preserves – джем мен вареньелерді әзірлеу тәсілдері/рецептері ¨a jam doughnut – джем донат (тәтті нан) 2.кептеліс, лықа толыс ¨The bus was delayed in a five-mile jam. – Автобус бес мильдік кептеліске түсіп кешікті. ¨As fans rushed to leave, jams formed at all the exits. – Жанкүйерлер кетуге асыққанда, барлық шығаберістерде кептеліс пайда болды. 3. «қақалыс», «қақалу», «шашалу» ¨There's a paper jam in the photocopier. – Ксерокс қағазға қақалып қалды/Ксероксте қағаз тұрып қалды. 4. (idm) *be in a jam (informal) қиын жағдайда болу *jam tomorrow «ертең болады» деген уәде, құрғақ уәде ¨They refused to settle for a promise of jam tomorrow. – Олар құрғақ уәдеге көнбей қойды. B.v (-mm-) 1. ~ sth (бірнәрсеге тірей) итеру, қысу, сығу, мыжу ¨He jammed his foot on the accelerator and the car sped off. – Ол аяғымен үдеткішті/газды сығымдағанда, машина орнынан алып ұшты/ытқи заулады. ¨He jammed his fingers in his ears. – Саусақтарымен құлағын мыжыды. ¨A stool had been jammed against the door. – Орындық есікке тұрып қалыпты. 2. кептеліп қалу, тұрып қалу, бітеліп қалу ¨~ (up) The photocopier keeps jamming up. – Ксерокс қақала/кептеле береді. ¨~ sth (up) There's a loose part that keeps jamming the mechanism. – Механизмді қақалдыра беретін босап кеткен бөлшек бар. ¨The valve has jammed shut. – Клапан бітеле жабылды. ¨He jammed the door open with a piece of wood. – Ол есікті ашып, ағашпен тіреп қойды. 3.тығындау, мыжу, кептелу, сығылысу, сығымдау, сығу (syn: squash, squeeze) ¨~ sb/sth Six of us were jammed into one small car. – Алтаумыз машинаға сығылыса отырдық. ¨We were jammed together like sardines in a can. – Біз қалбырдағы сардина(лар) сияқты кептелдік. ¨The cupboards were jammed full of old newspapers. – Шкафтар ескі газеттерге лықа толған. ¨Nearly 1 000 students jammed into the hall. – Мыңға жуық студент/оқушы залға лықа толды. 4. ~ sth (up) (with sb/sth) кептеліп кедергі болу, бітеу, толып кету (syn: block) ¨Viewers jammed the switchboard with complaints. – Көрермендер коммутаторға/телефон желісіне безек қақтырды. 5. ~ sth басқа радиосигналға кедергі келтіру, өшіру 6. ~ (sth) дайындықсыз, әшейін музыка ойнау 7. (idm) *jam on the brake(s)/jam the brake(s) on көліктегі тежегішті/тормозды басып жіберу ¨The car skidded as he jammed on the brakes. – Ол тежегішке басып қалғанда көлік тайғанады.