job

Job [dʒəʊb; dʒoʊb] n (idm) *the patience of Job аса төзімді/шыдамды болу ¨You need the patience of Job to deal with some of our customers. – Кейбір клиенттерімізбен жұмыс істеу үшін терің көң болуы керек.

job [dʒɒb] n 1.жұмыс, іс, шаруа ¨He's trying to  get a job. – Оның жұмысқа тұрғысы келіп жүр. ¨She  took   a job as a waitress. – Ол күтуші болып жұмысқа тұрды. ¨His brother's just lost his job. – Оның бауыры жұмысынан айырылып қалды. ¨a summer/holiday/Saturday job – жазғы/каникул кезіндегі/сенбілік жұмыс ¨a temporary/permanent job – уақытша/тұрақты жұмыс ¨I'm thinking of applying for a new job. – Жаңа жұмыс іздесем бе деймін. ¨The takeover of the company is bound to mean more job losses. – Бұл компанияның сатылуы біршама жұмыс орны жабылады деген сөз. ¨Many women are in part-time jobs. – Көптеген әйел(дер) жартылай жұмыс істейді. ¨Did they offer you the job? – Олар саған сол жұмысты ұсынды ма? ¨He certainly knows his job. – Ол әйтеуір өз жұмысын біледі. ¨I'm only doing my job. – Мен тек өз ісімді/шаруамды тындырып жатырмын. ¨He's been out of a job for six months now. – Ол міне алты ай болды іссіз/жұмыссыз жүр. ¨She's never had a steady job. – Оның тұрақты бір жұмысы болған емес. ¨I've got various jobs around the house to do. – Үйде істейтін түрлі шаруам бар. ¨Sorting these papers out is going to be a long job. – Мына қағаздарды реттеу ұзақ жұмыс болайын деп тұр. ¨The builder has a couple of jobs on at the moment. – Құрылысшының қазір/осы сәтте бір-екі шаруасы болып тұр. 2. (rather informal) міндет, жұмыс, жауапкершілік ¨It’s my job to make sure that the work is finished on time. – Жұмыстың уақтылы біткенін бақылау - менің ісім/міндетім. 3. (informal) қылмыс, ұрлық ¨a bank job – банк ұрлығы/банктегі ұрлық ¨He got six months for that last job he did. – Ол соңғы қылмысы үшін алты айға жазаланды. ¨an inside job – ұйымның ішіндегі біреудің қылмысы 4. (informal) нәрсе, зат ¨It's real wood - not one of those plastic jobs. – Бұл – нағыз ағаш, әнеу пластик нәрсе емес. 5.іс, жұмыс (компьютердің) ¨The job can be processed overnight. – Істі таң атқанша бітіруге болады. 6. (idm) *do the job (informal) істі тындыру, бітіру ¨This extra strong glue should do the job. – Мына қосымша мықты желім істі тындыруы керек. *do a good, bad, etc. job (on sth)/make a good, bad, etc. job of sth жақсы, жаман істеу, тындыру ¨They did a very professional job. – Олар жұмысты шебер тындырды. ¨You've certainly made an excellent job of the kitchen. – Кухняны тамаша етіп дұрыстапсың. ¨We haven't done a very good job on the publicity for the show. – Шоу жайлы баспасөзде жариялағандарымыз онша болмады. *give sb/sth up as a bad job (informal) жәрдемін, ісін доғару *good job! (especially NAmE, informal) жарайсың! жақсы істепсің! *a good job (informal) дұрыс болыпты, жақсы болған ¨It's a good job you were there to help. – Сол жерде болып қол ұшын бергенің жақсы болыпты. *have a (hard/difficult) job doing/to do sth бірнәрсе істеп қиналу ¨You'll have a job convincing them that you're right. – Өзіңнің дұрыс екен(діг)іңе олардың көзін жеткізуің керек. ¨He had a hard job to make himself heard. – Жұртты (айтқанына) тыңдатам деп (ол) қиналды. *a job of work (BrE, old-fashioned or formal) міндет, жауапкершілік ¨There was a job of work waiting for him that he was not looking forward to. – Оны өзінің құлқы жоқ жұмыс күтіп тұрды. ¨From then on it was just a job of work to be done.Бұдан былай бұл оның міндетті шаруасына айналды. *jobs for the boys (BrE, informal, disapproving) тек туыстарына не таныстарына жұмыс береді дег мағ *just the job (BrE) (also just the ticket NAmE, BrE) (informal, approving) керегі осы/сол, дәп керек нәрсе ¨That cup of tea was just the job. – Бір кесе шай дәп керек нәрсе еді/Керегі сол бір кесе шай еді. *more than your job's worth (to do sth) (BrE, informal) олай істеу дұрыс емес дег мағ ¨It's more than my job's worth to let you in without a ticket. – Сен(дерд)і/Сіз(дер)ді билетсіз кіргізуіме болмайды. *on the job a) жұмыс істеп жатқан кезде ¨No sleeping on the job! – Жұмыста ұйықтамау керек! ¨on-the-job training – жұмыстағы дайындық (курсы/шарасы) b) (BrE, slang) жыныс қатынасына түсіп жатқан