join [dʒɔɪn] A.v 1.қосу, жалғау, біріктіру ¨~ A to B Join one section of pipe to the next. – Құбырдың бір бөлігін келесісіне қос/жалға. ¨The island is joined to the mainland by a bridge. – Аралды құрлыққа көпір жалғап/қосып жатыр. ¨~ (A and B) (together/up) Join the two sections of pipe together. – Құбырдың екі бөлігін бір-біріне жалға. ¨Draw a line joining (up) all the crosses. – Қиылыстардың барлығын өзара қосатын сызық сыз. ¨How do these two pieces join? – Мына(у) екі бөлік (өзара) қалай қосылады/жалғанады. 2.қосылу, жалғасу, бірігу ¨the place where the two paths join – екі соқпақ/сүрлем қосылатын жер ¨~ sth The path joins the road near the trees. – Жолға cоқпақ ағаштардың тұсында қосылады. 3. ~ (sth) мүше болу, қосылу ¨I've joined an aerobics class. – Аэробика класына жазылдым/қосылдым. ¨She joined the company three months ago. – Ол компанияға үш ай бұрын (жұмысқа) тұрған. ¨(figurative) to join the ranks of the unemployed – жұмыссыздар қатарына қосылу ¨It costs £20 to join. – Мүше болу құны £20. 4.қатысу, қосылу, бірге болу ¨~ sb (for sth) Will you join us for lunch? – Түскі асқа бізге қосыласың(ыз) ба? ¨Do you mind if I join you? – Саған/Сізге қосылсам қарсы емессің(із) бе? ¨~ sth Over 200 members of staff joined the strike. – Қызметкерлердің екі жүзден астамы ереуілге қатысты. ¨Members of the public joined the search for the missing boy. – Қоғам/Қауым мүшелері жоғалған баланы іздеуге қатысты. ¨~ sb in doing sth I'm sure you'll all join me in wishing Ted and Laura a very happy marriage. – Барлығыңыз менің Тед пен Лаураға бағыштаған босағаларың берік болсын деген тілегіме қосыласыздар деп ойлаймын. 5. ~ sth (BrE) пойызға, ұшаққа отыру 6. ~ sth жолға түсу; кезекке, қатарға тұру 7. (idm) *join battle (with sb) (formal) күреске, айқасқа кірісу ¨(figurative) Local residents have joined battle with the council over the lack of parking facilities. – Жергілікті тұрғындар (аудандық) кеңеспен автотұрақтың аздығы мәселесі төңірегінде(гі) айқасқа кірісіп кетті. *join the club (informal) сенің/сіздің де басың(ыз)да осындай күй екен ғой ¨So you didn't get a job either? Join the club! – Сен/Сіз де жұмысқа тұрмағансың(ыз) ба? Тағы біреудің жолы болмапты! *join hands (with sb) a) қол ұстасу b) бірлесе, қоян-қолтық жұмыс істеу ¨Education has been reluctant to join hands with business. – Оқу жүйесі бизнеспен тығыз әрекеттесуге бойкүйез болды. 8. (phr v) *join in (sth/doing sth)/join in (with sb/sth) араласу, араласып құраласу ¨She listens but she never joins in. – Ол тыңдағанымен, араласпайды. ¨I wish he would join in with the other children. – Оның басқа балалармен араласқанын қалаймын. *join up (BrE) әскерге алыну (syn: enlist) ¨Her grandfather joined up in 1914. – Оның атасы әскерге 1914 жылы алынды/алынған. *join up (with sb) қосылу, араласу ¨We'll join up with the other groups later. – Басқа топтарға кейінірек қосыламыз. B.n жік, түйіс, тоғыс, жалғасқан тұс ¨The two pieces were stuck together so well that you could hardly see the join. – Екі бөліктің бір-біріне жымдасқаны сонша(ма), жігін байқау қиын.