joke [dʒəʊk] A.n 1.қалжың, әзіл, мазақ, келеке, күлдіргі/әзіл әңгіме, ойнап сөйлеу/айту ¨I can't tell jokes. – Әзіл әңгіме айта алмаймын/Қалжыңдай алмаймын. ¨She's always cracking jokes. – Ол жұртты күлдіреді де жүреді. ¨They often make jokes at each other's expense. – Олар бір-бірімен қалжыңдасып/Олар бірін-бірі мазақтап/келекетіп жатады. ¨I didn't get the joke. – Қалжыңды ұқпадым. ¨I wish he wouldn't tell dirty jokes. – Ол бәдік қалжыңдамаса екен деп тілеймін. ¨I only did it as a joke. – Бұны әшейін қалжың ретінде айттым. ¨(ауысп. мағ.) This latest pay offer is a joke. –Жалақы туралы соңғы ұсыныс – мазақ/келеке/қалжың. 2. (idm) *be/get beyond a joke шектен шығу ¨His teasing is getting beyond a joke. – Оның әжуасы шектен шығып барады. *be no joke оңай шаруа болмау ¨It's no joke trying to find a job these days. – Бұл күндері жұмыс табу оңай шаруа емес. *the joke's on sb (informal) (біреуді әжуалаймын деп) өзі күлкіге қалу, өзі күлкі болу *make a joke of sth қиын, күрделі нәрсені әзілге айналдыру *take a joke қалжыңды түсіну; өзіне айталған қалжыңға қалжыңмен жауап беру ¨The trouble with her is she can't take a joke. – Оның кемшілігі – қалжыңды түсінбейді. B.v ~ (with sb) (about sth) 1.қалжыңдау, әзілдеу, күлдіру, ойнап айту ¨She was laughing and joking with the children. – Ол балалармен бірге ойнап-күліп жүрді. ¨~ about sth They often joked about all the things that could go wrong. – Дұрыс болмаған істер жөнінде олар көбінесе қалжыңдайтын. ¨‘I cooked it myself, so be careful!’ he joked. – «Бұны өзім пісірдім, сондықтан байқа!», деді ол қалжыңдай. ¨I didn't mean that - I was only joking. – Көңіліңе алма – әшейін қалжыңдағам(ын). ¨~ that… She joked that she only loved him for his money. – Ол оны ақшасы үшін ғана сүйемін деп қалжыңдады. 2. (idm) *joking apart/aside (BrE) қалжыңды қоя тұру *you're joking/you must be joking (informal) бұл не қалжыңың? Қалжыңдап тұрсың ба? ¨No way am I doing that. You must be joking! – Өйтуім мүмкін емес. Қой қалжыңыңды! ¨She's going out with Dan? You're joking! – Ол Дәнмен жүріп жүр дейсің бе? Қалжыңың ба?