jollity [dʒɒləti] n (old-fashioned) шаттық, думан, мәре-сәрелік ¨scenes of high-spirits and jollity – жұрттың көңілі асып-тасып, мәре-сәре болған көріністер jolt [dʒəʊlt] A.v 1.шалт қимылдау, жұлқу, зырқ ету, лықсу, ытқу (syn: jerk) ¨The truck jolted and rattled over the rough ground. – Жүк машинасы жазық емес жерде лықсып/сілкініп, боздай қозғалды. ¨The bus jolted to a halt. – Автобус лықси/зырқ ете тоқтады. ¨(figurative) Her heart jolted when she saw him. – Ол (әйел) оны (еркекті) көргенде жүрегі зырқ етті/лықсыды. ¨~ sb/sth He was jolted forwards as the bus moved off. – Автобус жұлқи қозғалғанда ол алға қарай лықсыды. 2.түрткі болу; қамшыдай тию ¨~ sb/sth (into sth) His remark jolted her into action. – Оның сөзі оны шұғыл әрекетке итермеледі. ¨The sound jolted my memory, and I suddenly remembered what had happened. – Дыбыс есімді/санамды шоршытты да/серпілтті де кенет не болғанын есіме алдым. ¨~ sb/sth (out of sth) a method of jolting the economy out of recession – экономиканы тоқыраудан ытқыта шығару жолы ¨~ sb/sth I was suddenly jolted awake. – Кенет оянып алдым. B.n 1. шалт қимылдау(шылық), жұлқу, зырқ ету, лықсу (syn: jerk) ¨The plane landed with a jolt. – Ұшақ зырқ ете/лықси қонды. 2.толқу (сезім ж) ¨a jolt of dismay – (төбесіне) жай түскендей болу