journey [ˈdʒɜːni] A.n cапар, саяхат, кезу, аралау ¨They went on a long train journey across India. – Олар Индияны ұзақ уақыт пойызбен аралауға шықты. ¨(BrE) Did you have a good journey? – Жақсы араладың(ыз) ба? ¨on the outward/return journey – бара/қайтып келе жатқанда ¨(BrE) We broke our journey in Madrid. – Мадридте сапарымызды кідірттік. ¨(BrE) Don't use the car for short journeys. – Машинаны қысқа сапарға пайдаланба. ¨(BrE) It's a day's journey by car. – Машинамен бару - бір күн. ¨(BrE) I'm afraid you've had a wasted journey. – Құры сандалдың-ау/уақыт жоғалттың-ау деймін. ¨(BrE, informal) Bye! Safe journey! – Сау бол! Аман қыдыр/жүр! ¨(figurative) The book describes a spiritual journey from despair to happiness. – Кітап торығудан бақытқа жеткізген рухани сапарды суреттейді. B.v (formal or literary) cапарлау, саяхаттау, кезу, аралау ¨They journeyed for seven long months. – Олар жеті ай бойы ұзақ сапарлады/аралады.