judgement [ˈdʒʌdʒmənt] n 1. ұғым, түсінік, ұғыныс, сана(лылық), түйсік, пайым, тұжырым, ақыл ¨good/poor/sound judgement – ұғымы жақсы/нашар/дұрыс ¨She showed a lack of judgement when she gave Mark the job. – Маркке жұмыс берген кезде ол ұғымының саяздығын көрсетті. ¨It's not something I can give you rules for; you'll have to use your judgement. – Бұл мен саған айтып түсіндіретін нәрсе емес; өзіңе өзің сүйен. ¨He achieved his aim more by luck than judgement. – Мақсатына ақылынан гөрі жолы болып жетті. ¨The accident was caused by an error of judgement on the part of the pilot. – Оқиға ұшқыштың/пилоттың тарапынан болған білместіктен болған. 2.~ (of/about/on sth) пайым(дау), пікір (айту), ой қорыту, топшылау, бағалау ¨He refused to make a judgement about the situation. – Ол жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты. ¨Who am I to pass judgement on her behaviour? – Оның жүріс-тұрысына қатысты пікір айтатындай мен кіммін? ¨I'd like to reserve judgement until I see the report. – Баянатты көргенше пікір айтпай-ақ қояйын. ¨It was, in her judgement, the wrong thing to do. – Оның пайымдауынша, бұл бұрыс іс болған. ¨I did it against my better judgement. – Сезіп/Секемденіп тұрып істедім. 3. (usually judgment) сот не судья үкімі, шешімі, кесімі, ұйғарымы, төрелігі ¨a judgment from the European Court of Justice – Европа әділет сотының ұйғарымы ¨The judgment will be given tomorrow. – Сот шешімі ертең шығады. ¨The court has yet to pass judgment in this case. – Осы іс бойынша сот үкімі енді шығады. 4. ~ (on sth) (formal) құдайдың жазасы, қаһары