jump [dʒʌmp] A.v 1.секіру, қарғу, ырғу, орғу ¨‘Quick, jump!’ he shouted. – «Тез, секір/қарғы!», деп ол айқайлады. ¨to jump into the air/over a wall/into the water – әуеге/дуалдан асыра/суға секіру/қарғу ¨The children were jumping up and down with excitement. – Балалар қуаныштан орғып жатты. ¨She jumped down from the chair. – Ол креслодан ырғып түсті. ¨The pilot jumped from the burning plane. – Ұшқыш жанып жатқан ұшақтан секірді. ¨She has jumped 2.2 metres. – Ол 2.2 метрге қарғыды/секірді. 2.қарғу, секіру, қарғып өту (syn: leap) ¨~ sth Can you jump that gate? – Ана қақпадан қарғып/секіріп өте аласың ба? ¨His horse fell as it jumped the last hurdle. – Соңғы кедергіден қарғимын дегенде аты құлады. ¨~ sth I jumped my horse over all the fences. – Атыммен барлық кедергіден секіріп өттім. 3.орғу, ыршу, ытқу, ырғу, атқу, шоршу, қарғу ¨He jumped to his feet when they called his name. – Атын атағанда ол орнынан ат(қ)ып тұрды. ¨She jumped up and ran out of the room. – Ол ыршып тұрып бөлмеден қаша жөнелді. ¨Do you want a ride? Jump in. – (Машинамен) қыдырғың келе(ді) ме? Қарғып/Ыршып мін. 4.селк/зырқ еткізу, дүрсілдету, тулату ¨A loud bang made me jump. – Қатты гүрсіл мені шоршытып түсірді. ¨Her heart jumped when she heard the news. – Хабарды естігенде жүрегі дүрсілдеді. 5. шарықтай ұлғаю, шарықтау, аспандау (syn: leap) ¨~ by… Prices jumped by 60% last year. – Бағалар өткен жылы 60%-ке шарықтады. ¨~ (from…) (to…) Sales jumped from $2.7 billion to $3.5 billion. – Сату көлемі $2.7 млрд-тан $3.5 млрд-қа ұлғайды. 6. ~ (about) (from sth to sth) кілт/демде/лезде/тез өзгеріп отыру, күрт сырғу, ауысу, қарғу ¨I couldn't follow the talk because he kept jumping about from one topic to another. – Әңгімеге ілесе алмадым, өйткені ол бір тақырыптан екіншісіне тез сырғи берді. ¨The story then jumps from her childhood in New York to her first visit to London. – Әңгіме сосын оның Нью-Йорктегі балалық шағынан Лондонға алғашқы сапарына кілт сырғиды. 7. ~ sth (кейбір мәселелерден, сұрақтардан) аттау, (мәселені қарамай) секіру ¨You seem to have jumped several steps in the argument. – Бұл талқылауда бірнеше мәселеден аттап кеткен сияқтысың(ыз). 8. (техника, аппарат ж) ырши, ырғи, ауытқи беру ¨The needle jumped across the dial. – Басқару панелі тілі ауытқи берді. ¨The film jumped during projection. – Көрсету кезінде фильм ырғи/секіре берді. 9. ~ (on) sb (informal) біреуді бассалу, біреуге тап беру ¨The thieves jumped him in a dark alleyway. – Қараңғы аллея жолында ұрылар оған тап берді. 10. ~ sth (NAmE) көлікке қарғып міну ¨to jump a bus – автобусқа қарғып міну 11. (NAmE) = jump-start 12. be ~ing (informal) көңілді, у-ду, қарбалас болу ¨The bar's jumping tonight. – Бар бүгін кешке у-ду. 13. (idm) *be jumping up and down (informal) бұлқан-талқан болу, өте ашулы, ашынған; қатты толқыған ¨The local residents are jumping up and down complaining about the noise. – Жергілікті тұрғындар шуға шағымданып бұлқан-талқан болуда. *jump down sb's throat (informal) «кеңірдегінен ала кету», біреуге дүрсе қоя беру *jump the gun «қаруына жармасу», істің байыбына бармай асығыс істеу, бас-көзі жоқ істеу, ай-шайға келмей кірісу *jump the lights (BrE) (also run a (red) light, run the lights NAmE, BrE) (informal) светофордың/бағдаршамның қызыл жарығына тоқтамай өтіп кету *jump out of your skin (informal) (шошығаннан не таңырқағаннан) «жарылып кете жаздау», есі шығып кету *jump the queue (BrE) (US jump the line) кезектің алдына шығып кету, «өз кезегін күтпей секіру/аттау» *jump the rails (пойыз ж) рельстен шығып кету *jump ship a) кемеден рұхсатсыз кету b) өз ұйымынан кетіп қалу *jump through hoops дегеніне жету үшін ешнәрседен тайынбау *jump to it (NAmE also hop to it) (informal) тез, шапшаң дег мағ 14. (phr v) *jump at sb (NAmE) = jump on sb *jump at sth мүмкіндікке, ұсынысқа жармасу (syn: leap at) *jump in a) әңгімені үзіп жіберу, әңгімеге килігу ¨Before she could reply Peter jumped in with an objection. – Ол жауап берместен жатып Питер қарсылық айтып әңгімеге килікті. b) ойланбастан кірісіп кету, істің байыбына бармастан кірісу *jump on sb (NAmE also jump at sb) (informal) біреуді сынға алу *jump out at sb бірден көзге түсу, көзге басылу (syn: leap out at) ¨The mistake in the figures jumped out at me. – Сандардағы/Көрсеткіштердегі қате бірден көзіме түсті. B.n 1.секіру, қарғу, ырғу, орғу ¨a jump of over six metres – алты метрден аса қарғу/секіру ¨The story takes a jump back in time. – Әңгіме өткенге/өткен уақытқа сүңгиді. ¨Somehow he survived the jump from the third floor of the building. – Әйтеуір үшінші қабаттан секіргеннен ол аман қалды. ¨to do a parachute jump – парашютпен секіру ¨a ski jump champion – шаңғымен секіруден чемпион ¨I sat up with a jump. – Ыршып көтеріле отырдым. ¨The negotiations took a jump forward yesterday. – Келіссөздер кеше алға аттады. 2.кедергі, тосқауыл ¨The horse fell at the last jump. – Ат соңғы кедергіде сүрінді. 3. ~ (in sth) шарықтау, өсіп кету ¨a 20 per cent jump in pre-tax profits – салық алдындағы пайданың/табыстың 20 процентке өсуі ¨unusually large price jumps – бағаның тосын шарықтауы 3. (idm) *to keep, etc. one jump ahead (of sb) бір аттам/адым алда болу