jungle [ˈdʒʌŋɡl] n 1.джунгли, ну орман ¨The area was covered in dense jungle. – Аймақты ну орман/джунгли басып жатты. ¨the jungles of South-East Asia – Оңт.-Ш. Азия ну ормандары/джунглилері ¨jungle warfare – ну орманда ұрыс салу (әдістері) ¨Our garden is a complete jungle. – Бақшамыз ну орман іспетті. 2. «ну орман», «тағы/жабайы» орта ¨It's a jungle out there - you've got to be strong to succeed. – Ол жерде ешкім ешкімді аямайды – табысқа жету үшін берік болуың керек. 3. (also jungle music) джаңгл мюзик, джунгли музыкасы (1990 жж Британияда пайда болған электронды музыка)