just [dʒʌst] A.adv 1.дәл, дәп, тұп-тура, нақты ¨This jacket is just my size. – Мына куртка/жакет маған қонып тұр. ¨This gadget is just the thing for getting those nails out. – Мына құрал ана шегелерді суыру үшін тура керек нәрсе екен. ¨Just my luck. The phone's not working. – Тағы жолым болмады. Телефон істемей тұр. ¨You're just in time. – Дәл уақытында келдің. ¨~ like… She looks just like her mother. – Ол тұп-тура анасы сияқты. ¨~ what… It's just what I wanted! – Маған керегі дәл осы еді! ¨~ as… It's just as I thought. – Ойлағаным дәл/дәп осы еді. ¨(BrE) It's just on six. – Сағат дәл/тура алты болды. 2. ~ as… дәл/дәп сол уақытта ¨The clock struck six just as I arrived. – Келген бойымда/кезімде сағат алты болды. 3. ~ as good, nice, easily, etc. дәл/дәп/тура сол сияқты ¨She's just as smart as her sister. – Ол тура әпкесіндей/сіңлісіндей зерек. ¨You can get there just as cheaply by plane. – Ол жерге ұшақпен де арзанға баруға болады. 4. (only) ~ | ~ after, before, under, etc. sth сәл ғана ¨I got here just after nine. – Бұнда тоғыздан сәл аса жеттім. ¨I only just caught the train. – Пойызға әйтеуір үлгердім. ¨Inflation fell to just over 4 per cent. – Инфляция 4 проценттен сәл асатын деңгейге түсті. 5.енді ғана, жаңа ғана, осы ғана ¨I've just heard the news. – Хабарды жаңа ғана естідім. ¨When you arrived he had only just left. – Сен келердің алдында ғана ол кеткен болатын. ¨She has just been telling us about her trip to Rome. – Ол бізге енді ғана Римге сапары жайлы айтып жатқан (болатын) ¨(especially NAmE) I just saw him a moment ago. - Оны бір сәт/сәл бұрын ғана көрдім. 6.бірнәрсе істейін деп жату, енді, міне, осы ¨I'm just finishing my book. – Кітабымды (енді) бітірейін деп жатырмын. ¨I was just beginning to enjoy myself when we had to leave. – Кететін кезімізге қарай көңілім жай таба бастаған еді. ¨I'm just off. – Кетейін деп жатырмын/Міне, кеттім. 7. ~ about/going to do sth бірнәрсе болайын, істейін деп жату ¨The water's just about to boil. – Су қайнайын деп/қайнап қалды. ¨I was just going to tell you when you interrupted. – Саған енді айтайын дегенімде бөліп жібердің. 8.ә(н)шейін, жай, әйтеуір, тек/жай ә(н)шейін, тек қана ¨It was just an ordinary day. – Бұл әншейін жай күндердің бірі еді. ¨I can't just drop all my commitments. – Ісімнің барлығын әншейін тастап кете алмаймын. ¨This essay is just not good enough. – Эссе әйтеуір соншалықты жақсы емес. ¨I didn't mean to upset you. It's just that I had to tell somebody. – Сені қамықтырайын/жабырқатайын деген жоқпын. Әшейін біреуге айтуым керек еді. ¨This is not just another disaster movie - it's a masterpiece. – Бұл тағы бір сәтсіз шыққан киноның біреуі емес; бұл – тамаша туынды. ¨Just because you're older than me doesn't mean you know everything. – Менен жасың үлкен болғаны үшін ғана бәрін білемін деп ойлама. 9.тек (қана), ә(н)шейін, жай ¨~ (for sth) I decided to learn Japanese just for fun. – Жапон тілін әшейін қызық үшін үйренейін дедім/деп ұйғардым. ¨~ (to do sth) I waited an hour just to see you. – Бір сағат жай/әншейін сені көру үшін тостым. ¨There is just one method that might work. – Бір ғана тәсіл(дің) іске асуы мүмкін. ¨‘Can I help you?’ ‘No thanks, I'm just looking.’ – «Жәрдемдесейін бе?» «Жоқ, рахмет. Әшейін қарап жүрмін». 10. (informal) шынымен (де), сондай, соншама ¨The food was just wonderful! – Тамақ сондай керемет болды! ¨I can just imagine his reaction. – Оның не күйге түскенін көз алдыма келіп тұр/елестете аламын. 11.жай, ә(н)шейін, тек ¨Just listen to what I'm saying, will you! – Тек/Жай/Әншейін айтқанымды тыңдашы, а! ¨Just help yourselves. – Әшейін ала беріңіздер. 12.сыпайы өтінішті, ғафу өтінгенді білд ¨Could I just say a few words before we start? – Бастамас/Кіріспес бұрын бір-екі ауыз сөз айтсам қалай болады? ¨Would you just explain to us how the system works? – Мына жүйенің/системаның қалай істейтінін түсіндіріп бере аласыз ба? ¨I've just got a few things to do first. – Алдымен тындырар бірнеше ісім бар. 13. could/might/may ~ аз ғана болса да мүмкіндікті білд ¨Try his home number - he might just be there. – Мына үйдің телефон номерін теріп көрші – ол сонда болуы мүмкін. ¨It may just have been a coincidence. – Бұл жай кездейсоқтық болған шығар. 14. Біреудің пікірімен келісетінді білд ¨‘He's very pompous.’ ‘Isn't he just?’ – “Ол тегі арқаны кеңге салыпты». «Соны айтамын-ау». ¨‘‘That man loves the sound of his own voice.’ ‘Doesn’t he just?’ – «Ана біреу өз үніне өзі сүйсінеді». «Соны айтамын-ау». 15. (idm) *could/might just as well… (с)өйткенде де болар еді/болған екен/болады екен ¨The weather was so bad we might just as well have stayed at home. – Ауа райының жаман болғаны соншама, үйде қалсақ та болған екен. ¨The traffic is so bad, we might just as well walk. – Көліктің кептелгені соншама, жаяу барсақ та болады екен. ¨For the little extra it'll cost, we might just as well stay for another night. – Сәл қосып төлегенде тағы бір түнесек те болар екен. *it is just as well (that…) дұрыс, жақсы болды ¨It is just as well that we didn't leave any later or we'd have missed him. – Одан әрі кеш шықпағанымыз жақсы болыпты, әйтпесе оны жолықтырмар едік. ¨It’s just as well I kept some money aside for emergencies. – Бірдеңе болып қалса/қала ма деп ақша ұстағаным дұрыс болыпты. ¨It's just as well I took the train today - I heard the traffic was really bad. – Пойызға бүгін мінгенім дұрыс болыпты – көлік қатынасы сондай нашар деп естігенмін. *just about (informal) a) өйте/бүйте жаздау; солай болды дерлік ¨I've met just about everyone. – Әркіммен кездесіп шықтым десем де болады/Бәрімен де кездестім-ау деймін. ¨‘Did you reach your sales target?’ ‘Just about'. – «Сату межесіне жеттің бе?» «Жетіп қалдым». b)енді, шамамен ¨She should be arriving just about now. – Ол енді келіп те қалуы керек. *just a minute/moment/ second (informal) бір сәтке, бір минутқа/секундқа (күт-іңіз) ¨‘Is Mr Burns available?’ ‘Just a second, please, I'll check.’ – «Мистер Бөрнс бар ма екен?» «Бір сәтке кідіріңіз, тексерейін». *just like that ә(н)шейін/жай өйте/бүйте салу ¨You can’t give up your job just like that! – Жұмысыңды әшейін тастап кете алмайсың/кетуіңе болмайды! ¨How many people came to this country and bought a house just like that? – Бұл елге қаншама адам келіп, әшейін үй сатып алған. *just now a) енді, қазір, міне(ки) ¨Come and see me later - I'm busy just now. – Маған кейінірек келгін – қазір қолым бос емес. b) осы уақытта, қазір ¨Business is good just now. – Бизнес қазір/осы уақытта жақсы. c) сәл бұрын (ғана), жаңа ғана ¨I saw her just now. – Оны жаңа ғана көрдім. *just so өте мұқият, өте абай ¨He liked polishing the furniture and making everything just so. – Ол жиһазды ысып жылтыратқанды және әр нәрсені мұқият істегенді ұнататын. *just then сол кезде ¨Just then, someone knocked at the front door. – Сол кезде біреу алдыңғы есікті қақты. *not just yet әлі емес, әлі бірнәрсе бітпеген, болмаған ¨I can't give you the money just yet. – Ақшаны әлі саған бере алмаймын. *I, etc. would just as soon do sth өйткенше бүйткенім артық/дұрыс ¨I'd just as soon stay at home as go out tonight. – Кешке тысқа шыққанша/шыққаннан гөрі үйде қалғаным артық/дұрыс. ¨I’d just as soon stay at home. – Оданда үйде болғаным жөн. ¨I’d as soon go to another restaurant as wait for a table here. – Бұл жерде стол күткеннен гөрі/күткенше басқа ресторанға бармаймын ба. ¨I would sooner have you hate me for telling you the truth than adore me for telling you lies. – Саған өтірік айтып сүйкімді көрінгенше, шындықты айтып жеккөрінішті болайын. B.adj 1.әділ, тура (syn: fair) ¨a just decision/law/society – әділ шешім/заң/қоғам 2. the just n әділ адамдар 3.лайықты, орынды, жөн (opp: unjust) ¨a just reward/punishment – лайықты марапат/жаза ¨I think she got her just deserts. – Ол өзі лайықты нәрсесін алды деп ойлаймын.