justice [ˈdʒʌstɪs] n 1.әділет, әділдік, әділеттілік, туралық (opp: injustice) ¨laws based on the principles of justice – әділет/әділдік принциптеріне негізделген заңдар ¨They are demanding equal rights and justice. – Олар тең хақтар мен әділдік талап етуде. 2.әділдік, әділ болушылық, туралық, дұрыстық (opp: injustice) ¨Who can deny the justice of their cause? – Олардың ісінің тура екенін кім терістей алады? ¨He demanded, not without justice, that he should be allowed to express his views. – Ол өз пікірлерімді айта алуым керек деп әділ талап етті. 3.әділет (жүйесі), юстиция ¨the criminal justice system – қылмысты істерді қарау жүйесі, қылмыс істерімен айналысу жүйесі ¨The European Court of Justice – Европа әділет соты, Европа соты ¨(BrE) They were accused of attempting to pervert the course of justice. – Оларды тергеу істерін бұрмалауға тырысты деп айыптады. ¨(NAmE) They were accused of attempting to obstruct justice. – Оларды тергеу істеріне кедергі келтіруге тырысты деп айыптады. 4. (also J~) (NAmE) судья, қазы 5. J~ (BrE) судья ¨Mr Justice Davies – судья Дэвис 6. (idm) *bring sb to justice біреуді соттау, сотқа тарту *do justice to sb/sth; do sb/sth justice a) (біреуді/бірн-ні) тура/дұрыс көрсету; біреуге әділ, тура қарау, түсіне қарау ¨That photo doesn't do you justice. – Мына фотография саған абырой әпермейді. ¨He didn't play as well as he can, but to do him justice, it was his first game since his injury. – Ол өз шамасына сай ойнай алмады, алайда турасын айту керек, бұл оның жарақат алғалы бергі бірінші ойыны. ¨The review did not do justice to her talents. – Шолу/Бағалау кезінде оның дарыны ескерілген жоқ. ¨Words could never do justice to her beauty. – Оның сұлулығын сөзбен жеткізу мүмкін емес. ¨The movie does not do justice to the book. – Кино кітаптағыдай болмаған. ¨a brief summary that does not do justice to the complexity of this issue – мәселенің күрделілігін көрсете алмаған қысқаша мазмұндама b) дұрыс әрі толығымен айналысу, шұғылдану ¨You cannot do justice to such a complex situation in just a few pages. – Бұндай күрделі жағдайды бірнеше парақпен ашып көрсетуге болмайды. ¨I didn't feel well and wasn't able to do justice to the meal she had cooked. – Өзімді нашар сезінгендіктен оның тамағын жей алмадым. *do yourself justice өзін лайықты, дұрыс көрсете алу ¨She didn't do herself justice in the exam. – Емтиханда ол өзін көрсете алмады.