keen [kiːn] A.adj (keener, keenest) 1. (especially BrE) істегісі келген, құлықты, ықыласты, ынталы, зауықты (syn: eager) ¨~ (to do sth) John was very keen to help. – Джонның өте жәрдемдескісі келді. ¨~ (that…) We are keen that our school should get involved too. – Мектебіміздің де атсалысқанын қалаймыз. ¨~ (on doing sth) I wasn't too keen on going to the party. – Сонша/Пәлендей сауық-кешке барғым келген жоқ (еді). 2. (especially BrE) құлшынған, құштар, зейін қойған ¨a keen sportsman – құлшынған/құштар спортшы ¨one of the keenest supporters of the team – команданың өте белсенді жанкүйерлерінің бірі ¨She was a star pupil - keen, confident and bright. – Ол алғыр оқушылардың бірі еді – ынталы, мығым әрі жарқын. 3. (BrE, informal) өте ұнатқан, жақсы көрген; өте ынталы, қызыққан ¨~ on sb/sth Tom's very keen on Anna. – Том Аннаға үйір болып алды. ¨~ on doing sth She's not keen on being told what to do. – Ол өзіне ақыл айтқанды ұнатпайды. 4.зерек, алғыр, зейінді, ынталы (syn: sharp, acute) ¨a keen mind/intellect – алғыр ес/ақыл/сана 5.өте, терең ¨a keen sense of tradition – дәстүрді терең білетін ¨He took a keen interest in his grandson's education. – Ол немере ұлының оқуына барлай қарайтын болды. 6. өте жетілген (syn: sharp) ¨Dogs have a keen sense of smell. – Иттер иіске өте сезімтал/сақ/иісті өте қатты сезеді. ¨My friend has a keen eye for a bargain. – Досымның саудаға келгенде көзі өткір. 7. бітіспес, беріспес, қиян-кескі ¨There is keen competition for places at the college. – Колледждегі орындар үшін қиян-кескі айқас жүруде. ¨They were keen rivals. – Олар бітіспес бәсекелестер еді. ¨It was the subject of keen debate. – Бұл өте даулы мәселе еді. 8. (especially BrE) бәсекеге төтеп бере алатын (баға) (syn: competitive) ¨The company hopes its keen pricing policy will increase sales. – Компания өзінің мығым баға саясаты сату деңгейін арттырады деп үміттенеді. 9. (literary) өте суық 10. (literary) өткір, лыпылдаған (syn: sharp) 11. (idm) *(as) keen as mustard (BrE, informal) құлшынған, ұмтылған B.v (old-fashioned) (қайтыс болған кісіні) жоқтау, жоқтап жылау