keep [kiːp] A.v (kept, kept) 1.белгілі бір күйде, жағдайда қал(дыр)у, бол(ғыз)у ¨We huddled together to keep warm. – Жылыну үшін ұйлыға/үйіріле/бір-бірімізді итерісе тұрдық. ¨The notice said ‘Keep off the grass’. – Қағазда «Көгалды баспаңыздар» деген жазу болды. ¨Keep left along the wall. – Сол жақпен қабырғаны бойла/бойлай жүр. ¨~ sb She kept the children amused for hours. – Ол бірнеше сағат балалардың көңлін аулады/көтерді. ¨~ sb/sth He kept his coat on. – Киімін үстінен тастамады. ¨Don't keep us in suspense - what happened next? – Сарылтып күттірмеші – әрі қарай не болды? ¨She had trouble keeping her balance. – Ол тепе-теңдігін сақтай алмай қиналды/Ол тәлтіректеді/тәлтіректеп кетті. ¨~ sb/sth doing sth I'm very sorry to keep you waiting. – Күттіріп қойғаныма ренжімеңіз/ғафу етіңіз. 2.істей беру, қоймау ¨~doing sth Keep smiling! – Жымиа бер(гін)!/Қоймай жыми! ¨~ on doing sth Don't keep on interrupting me! – Маған киліге бермеші/Мені бөле бермеші! 3. ~ sb кешігу, бөгелу (syn: hold sb up) ¨You're an hour late - what kept you? – Бір сағат кешіктің(із) – не бөгеді? 4. ~ sth сақтау, қалдыру, ұстау, тастамау ¨Here's a five dollar bill - please keep the change. – Міне бес доллар – ұсағы/майдасы (қайтқан ұсақ ақша, тиын) өзіңде қала берсін. ¨I keep all her letters. – Барлық хатын сақтадым. 5. (especially BrE) (біреу үшін бірнәрсе) алу, ұстау ¨~ sth for sb Please keep a seat for me. – Маған орын алып қойшы. ¨~ sb sth Please keep me a seat. – Маған орын алып қойшы. 6.ұстау, сақтау, қою ¨Keep your passport in a safe place. – Паспортыңды тығып/таса жерде ұста/Паспортыңды көрінбес жерге қой. 7. ~ sth (especially BrE) дүкен/ ресторан ұстау, -і/ -ы болу ¨Her father kept a grocer's shop. – Әкесінің азық-түлік дүкені болған. 8. ~ sth жануар, жәндік бағу, ұстау ¨to keep bees/goats/hens – ара/ешкі(лер)/тауық ұстау 9. (informal) хал, жағдай ж ¨How is your mother keeping? – Анаңның халі қалай? ¨We're all keeping well. – Бәріміздің де жағдайымыз жақсы/Бәріміз де жақсымыз. 10.жақсы күйде қалу, сақталу; бұзылмау ¨Finish off the pie - it won't keep. – Пирогты бітір/жеп таста – бұзылып кетеді. ¨(informal, figurative) ‘I'd love to hear about it, but I'm late already.’ ‘That's OK - it'll keep.’ – «Естігім-ақ келіп тұр, бірақ кешігіп жатырмын». «Жә, бопты – кейінірек естірсің». 11. ~ a secret | ~ sth secret (from sb) құпияны, сырды айтпау ¨Can you keep a secret? – Құпияны сақтай аласың ба? ¨She kept her past secret from us all. – Ол өткен өмірін бәрімізден құпия ұстады/өмірі жайлы ешқайсымызға тіс жармады. 12. ~ your promise/word | ~ an appointment уәдесінде/сөзінде тұру; уағдаласқан кездесуге келу ¨She kept her promise to visit them. – Ол оларға барамын деген уәдесінде тұрды. ¨He failed to keep his appointment at the clinic. – Ол клиникадағы кездесуіне бара алмады. 13. ~ a diary, an account, a record күнделік ұстау, жазып жүру ¨She kept a diary for over twenty years. – Ол жиырма жылдан аса күнделік жазып жүрді. ¨Keep a note of where each item can be found. – Әр нәрсені қайда қойғаның жайлы жазып қой. ¨I kept a weekly account of my workload and activities. – Мен не жұмыс жасағаным, немен айналысқаным жайлы апта сайын жазып жүрдім. 14. ~ sb/yourself жағдай жасау, керек-жарақпен қамдау, асырау ¨He scarcely earns enough to keep himself and his family. – Оның табысы өзі мен жанұясын асырауға әзер жетеді. 15. (formal) қорғау, желеп-жебеу, аяу, есіркеу ¨~ sb May the Lord bless you and keep you. – Құдайым сені жарылқап, желеп-жебеп жүрсін. ¨~ sb from sth His only thought was to keep the boy from harm. – Оның бар ойлағаны баланы пәле-жаладан аман сақтау болды. 16. ~ goal/wicket (BrE) (футболда, хоккейде) қақпаны қорғау 17. (idm) *keep going a) қиындыққа мойымау, (қиындыққа қарамастан) күнделікті тірлігін жасай беру ¨You just have to keep yourself busy and keep going. – Ешнәрсеге алаңдамай, тірлігіңді жалғастыра беруің керек. b) (informal) қайтпа, қойма, жалғастыра бер, жүре бер ¨Keep going, Sarah, you're nearly there. – Қайтпа, Сара, болайын/жетейін деп қалдың. *keep sb going (informal) жеткілікті болу; жүрек жалғау ¨Have an apple to keep you going till dinner time. – Алма жеп кешкі асқа дейін жүрегіңді жалға(п ал). ¨That woman’s been through such a lot – I don’t know how she keeps going. – Ана әйелдің көрмегені жоқ – қалай ғана шыдап жүргенін білмеймін. 18. (phr v) *keep sb after (NAmE) (BrE keep sb back) оқушыны жаза ретінде сабақтан кейін мектепте қалдыру *keep at sth қоймау, жұмысты жалғастыра беру ¨Come on, keep at it, you've nearly finished! – Қанеки, қойма, бітейін деп қалдың! *keep sb at sth дамыл бермеу, істеткізе беру ¨He kept us at it all day. – Ол ешқайсымызды күні бойы отырғызбады. *keep away (from sb/sth) жоламау, ары тұру, жалтару, қашық жүру ¨Keep away from the edge of the cliff. – Жартастың жиегінен қашық жүр. *keep sb/sth away (from sb/sth) біреудің жолын бөгеу, біреуге қолбайлау болу ¨Her illness kept her away from work for several weeks. – Ауруы оны жұмысынан бірнеше аптаға қалдырды. *keep back (from sb/sth) әрі, қашық тұру, жүру, жоламау ¨Keep well back from the road. – Жолдан қашық тұр/жүр/Жолға жолама. *keep sb back a) (BrE) (NAmE keep sb after) оқушыны жаза ретінде сабақтан кейін мектепте қалдыру b) (NAmE) оқушыны жаман оқығаны үшін тағы бір жылға класта/сыныпта қалдыру, бір жыл қайта оқыту *keep sb back (from sb/sth) біреуді жақындатпау, жолатпау, қашықта ұстау ¨Barricades were erected to keep back the crowds. – Жиылған наразы топтарды жақындатпау/жолатпау үшін тосқауыл орнатылды. *keep sth back a) сезімін тежеу, ірку (syn: restrain) ¨She was unable to keep back her tears. – Ол көз жасын ірке алмады. b) өзінде сақтай/ұстау беру ¨He kept back half the money for himself. – Ақшаның жарымын ол өзінде ұстай берді. *keep sth back (from sb) айтпау, тығып/жасырып ұстау ¨I'm sure she's keeping something back from us. – Оның бірдеңені жасырып жүргеніне көзім жетеді. *keep down (еңкейе) бұғу, бұғыну, жасырыну ¨Keep down! You mustn't let anyone see you. – Бұғын! Сені ешкім көрмеуі тиіс! *keep sb down біреуге қысым жасау, сөйлетпеу (syn: oppress) ¨The people have been kept down for years by a brutal regime. – Адамдарды қатыгез режим жылдар бойы жаныштап келді. ¨You can't keep Laura down - she's so full of life. – Лаураны тежеуге болмайды – ылғи арындап жүреді. *keep sth down a) өсірмеу, басып ұстау ¨to keep down wages/prices/the cost of living – жалақыны/бағаны/өмір сүру құнын өсірмей ұстау ¨Keep your voice down - I don't want anyone else to hear. – Дауысыңды бәсеңдет/Ақырын сөйле – басқа біреу естіп қоймасын. ¨Keep the noise down. – Тынышталшы. b) құспау *keep from sth | keep yourself from sth өзін тежеу/ұстау ¨~ doing sth She could hardly keep from laughing. – Ол күлкісін әзер тежеді. ¨I just managed to keep myself from falling. – Құлайын деп барып өзімді ұстай алдым/Құлай жаздап бойымды игердім. *keep sb from sth біреуді тежеу ¨I hope I'm not keeping you from your work. – Жұмысыңа кедергі келтіріп тұрған жоқ шығармын деп ойлаймын. ¨~ doing sth The church bells keep me from sleeping. – Шіркеу қоңыраулары мені сергек ұстайды. *keep sth from sb айтпай тұра тұру ¨I think we ought to keep the truth from him until he's better. – Ол өз-өзіне келгенше шындықты айтпай тұра тұруымыз керек деп ойлаймын. ¨They don't keep anything from each other. – Олар бір-бірінен ешнәрсе жасырмайды. *keep sth from sth білдіртпеу, сыр бермеу ¨She could not keep the dismay from her voice. – Дауысынан абыржығаны білініп қалды. *keep in with sb (BrE, informal) біреумен жақсы қатынаста болу *keep sth in білдіртпеу, сыр бермеу (syn: restrain) ¨He could scarcely keep in his indignation. – Ол ренішін әрең тежеді/білдіртпеуге тырысып бақты. *keep sb in біреуді бір үй-жайдың ішінде болғыза тұру *keep sb/yourself in sth біреуді/өзін бірнәрсемен қамдау *keep off күн жаумай тұра тұру *keep off sth тартыну, қашық жүру, пайдаланбау ¨I'm trying to keep off fatty foods. – Майлы тамақтан алыс жүруге тырысудамын. ¨It's best to keep off politics when my father's around. – Әкем бар жерде саясат жайлы айтпаған абзал. *keep sb/sth off | keep sb/sth off sb/sth жақындатпау, жолатпау, қашықта ұстау ¨They lit a fire to keep off wild animals. – Жабайы аңдарды жолатпау үшін олар от жақты. ¨Keep your hands off me! – Менен тарт қолыңды! *keep on жалғастыра беру, қоймау, толастамау ¨The rain kept on all night. – Жауын түні бойы толастамады. ¨Keep on until you get to the church. – Шіркеуге жеткенше жүре бергін. *keep sb on біреуді жалдай беру, біреуге жұмыс бере беру ¨If you’re good, they might keep you on after Christmas. – Жақсы істесең, олар сені рождестводан кейін де ұстай беруі мүмкін. *keep sth on үйді жалдай беру ¨We're planning to keep the house on over the summer. – Үйді жаз кезінде де жалдай бермекпіз. *keep on (at sb) (about sb/sth) (especially BrE) біреуге сөйлей беру, сөйлеп қоймау (syn: go on, nag) ¨He does keep on so! – Ол тегі сөйлеп қоймайды! ¨I'll do it - just don't keep on at me about it! – Бұны істеймін – тек маған қайта-қайта бұны айта бермеші! *keep out (of sth) жоламау, жақындамау ¨The sign said ‘Private Property - Keep Out!’ – Белгіде «Жеке үй-жай – кірмеңіз!» деп жазылған. *keep sb/sth out (of sth) жолатпау, жақындатпау ¨Keep that dog out of my study! – Ана итті кабинетімнен әрі ұста! *keep out of sth | keep sb out of sth жоламау, жолатпау ¨That child can't keep out of mischief. – Ана бала тентектік жасамаса тұра алмайды. ¨Keep the baby out of the sun. – Баланы күнге жолатпа. *keep to sth шықпау, ауытқымау, таймау, алыстамау, бұра тартпау (syn: stick to sth) ¨Keep to the track - the land is very boggy around here. – Сүрлеуден шықпа – айнала батпақ. ¨Nothing is more irritating than people who do not keep to the point. – Тақырыптан бұра тартып кететін адамдардан артық жынға тиетін/жыныңды келтіретін нәрсе жоқ. ¨to keep to an agreement/an undertaking/a plan – келісімде/уәдеде тұру/жоспардан таймау ¨She's nearly 90 and mostly keeps to her room. – Ол тоқсанға келіп қалғандықтан көбінесе бөлмесінен шықпайды. *keep (yourself) to yourself өзімен өзі болу, көпшілікпен араласпау ¨Nobody knows much about him; he keeps himself very much to himself. – Ол жайлы ешкім көп білмейді; ол көбінесе өзімен өзі. *keep sth to yourself ешкімге айтпау ¨I'd be grateful if you kept this information to yourself. – Мына әңгімені ешкімге айтпасаңыз риза болар едім. ¨Kindly keep your opinions to yourself in future! – Бұдан былай өз пікіріңізді айтпауыңызды өтінемін! *keep sb under бақылауда ұстау; қысым көрсету ¨The local people are kept under by the army. – Жергілікті тұрғындар әскердің бақылауында болды. *keep up толастамау, дамылдамау, бәсеңдемеу ¨The rain kept up all afternoon. – Жаңбыр түстен кейін жауып тұрып алды. *keep up (with sb/sth) ілесу, қалмау ¨Slow down - I can't keep up! – Ақырында(шы) – ілесе алмай жатырмын/қалып қалдым! ¨I can't keep up with all the changes. – Мына өзгерістердің барлығына ілесе алмай жатырмын. ¨Wages are not keeping up with inflation. – Жалақы инфляцияға ілесе алмай жатыр. *keep up with sb біреумен қатынаста болу, хабарласып тұру ¨How many of your old school friends do you keep up with? – Көне мектептес достарыңның қаншауымен хабарласып тұрасың? *keep up with sth a) біліп жүру, хабардар болу ¨She likes to keep up with the latest fashions. – Ол кейінгі сән үлгілерінен хабардар болып тұрғысы келеді. b) төлеп тұру; үзбей істеу ¨If you do not keep up with the payments you could lose your home. – Ылғи төлеп тұрмасаң үйіңнен айырыласың. *keep sb up ұйықтауына, төсекке жатуына кедергі болу ¨I hope we're not keeping you up. – Сені жатқызбай тұрған жоқ шығармыз деп ойлаймын. *keep sth up a) жоғары деңгейде ұстау; толастамау, дамылдамау, үзбеу ¨The high cost of raw materials is keeping prices up. – Шикізаттың қымбаттығы бағаларды көтеріп ұстауда. ¨The enemy kept up the bombardment day and night. – Жау бомбалауын күні-түні дамылдатпады. ¨We're having difficulty keeping up our mortgage payments. – Ипотека төлемдерімізді үзбей төлеп тұруға қиналудамыз. ¨Well done! Keep up the good work/Keep it up! – Дұрыс! Осылай жақсы істей бер! ¨They sang songs to keep their spirits up. – Жігерлерін жанып ұстау үшін олар ән айтты. ¨to keep up old traditions – көне дәстүрлерді/әдет-ғұрыпты сақтау ¨Do you still keep up your Spanish? – Испан тіліңмен әлі айналысасың ба? b) үй-жайды, қора-қопсыны күтіп ұстау (syn: maintain) B.n 1.азық-түлік, қажет нәрселер ¨It's about time you got a job to earn your keep. – Өзіңді өзің/Өз-өзіңді асырай бастайтын уақыт болып қалды. 2. (қамал-бекіністегі) биік мұнара 3. (idm) *for keeps (informal) біржола(та), мәңгілік, әрқашан ¨Is it yours for keeps or does he want it back? – Бұл енді біржолата сенікі ме жоқ ол қайта алғысы келе ме?