kick [kɪk] A.v 1.тебу ¨~ (sb/sth) She was punched and kicked by her attackers. – Қаскөйлер оны ұрып-тепті. ¨Stop kicking - it hurts! – Теппеші – ауыртып жатыр! ¨The boys were kicking a ball around in the yard. – Балалар аулада доп теуіп жүрді. ¨Vandals had kicked the door down. – Қаскөйлер есікті теуіп құлатты. 2. ~ (sth) аяғын сермеу ¨The dancers kicked their legs in the air. – Бишілер аяқтарын әуеге сермеді. ¨The child was dragged away, kicking and screaming. – Баланы сүйреп әкетті: тыпырлап, бажылдап бара жатты. 3. ~ yourself (informal) сан(ын) соғу, әттегенайлау, қап деу, өкіну ¨United will be kicking themselves for missing several chances. – Бірнеше сәтті құры жібергені үшін Юнайтед өкінетін/әттегенайлайтын болады. 4. ~ sth теуіп гол кіргізу/салу ¨to kick a penalty/goal – пенальти тебу/(теуіп) гол салу 5. (idm) *kick (some/sb's) ass (slang, especially NAmE) «біреуді құйрығынан тебу», біреудің сазайын тартқызу, жазасын беру; біреуді жеңу *kick the bucket (informal or humorous) өлу *kick the habit, drug, booze, etc. жаман әдетті, қылықты тастау *kick your heels (BrE) іссіз отыру, тапжылмай күту ¨We were kicking our heels, waiting for some customers. – Тұтынушылардың келетінін сарыла күтіп отырдық. *kick sb in the teeth біреуге опасыздық жасау; қол ұшын бермеу *kick sth into the long grass/into touch (BrE) мәселемен айналыспау, -ні ысырып қою, жылы жауып қою ¨He tends to deal with disputes by kicking them into the long grass. – Оның даулы мәселелерді жылы жауып қоятын әдеті бар. *kick over the traces (old-fashioned, BrE) бұзақылану, тіл алмау *kick up a fuss, stink, etc. (informal) байбалам салу, (жөнсіз) шағымдану, күңкілдеу ¨He kicked up a tremendous fuss about having to wait. – Күттіріп қойды/Күтіп қалдым деп қоймай бажылдады. *kick up your heels (informal, especially NAmE) емін-еркін, жайбарақат болу *kick sb upstairs (informal) «біреуді жоғарыға тебу», біреуді дәрежесі жоғары, ал ықпалы аз қызметке жоғарылату *kick sb when they're down «құлаған адамды тебу», жығылғанға жұмырық, жеңілгенді одан әрі төпелей беру 6. (phr v) *kick about/around (informal) a) босқа, құры жату ¨There's a pen kicking around on my desk somewhere. – Столымның үстінде жатқан бір қалам бар. b) сенделу, сандалу ¨They spent the summer kicking around Europe. – Олар жазда Европада сандалып/кезіп жүрді. *kick sb around (informal) біреуге қырын, елемей қарау ¨She'd had enough of being kicked around by her boss. – Оны бастығы қажауын қажады. *kick sth about/around (informal) бірн-ні сөз ету, әңгіме қылу, талқылау ¨We'll kick some ideas around and make a decision tomorrow. – Біз біраз ойларды әңгіме қылып, шешімді ертең шығарамыз. *kick against sth қарсы, наразы болу, көнгісі келмеу ¨Young people often kick against the rules. – Жастар көбінесе ережелерге бағынғысы келмейді. *kick back (especially NAmE) босаңсу, бой жазу ¨Kick back and enjoy the summer. – Бойыңды жазып, жаздың қызығын көр. *kick in (informal) a) әсер ете, біліне бастау ¨Reforms will kick in later this year. – Реформалар биыл жылдың соңына қарай сезіле бастайтын болады. b) (also kick in sth) (both NAmE) үлес қосу, атсалысу *kick off a) (футболда) ойынды бастау b) ашуланып, өршеленіп кету *kick off (with sth) (informal) бастау, кірісу ¨What time shall we kick off? – Қашан бастаймыз? ¨Tom will kick off with a few comments. – Том бірнеше сөзбен/сөз айтумен бастайды. *kick sth off тебе, аяғын сермей түсіру, алу ¨to kick off your shoes – аяқ киімдерін аяғын сермей шешу *kick off sth (әңгімені, шараны, тб) бастау (syn: open) *kick out (at sb/sth) a) аяғын ашулана сермеу b) ашулана не ренжи жауап қату *kick sb out (of sth) (informal) қуып жіберу, шығарып жіберу *kick up (especially NAmE) (жел, дауыл ж) күшею *kick sth up шаңдату, шаң көтеру B.n 1.тебіс, тебу, тепкі; (аяғын) сермеу, сермес ¨the first kick of the game – ойындағы алғашқы тебіс ¨She gave him a kick on the shin. – Ол оны иегінен тепті. ¨He aimed a kick at the dog. – Ол итті теппек боды. ¨If the door won't open, give it a kick. – Есік ашылмаса, теп. 2 (informal) мәре-сәре болу, ынтыға толқу, рахатшылық (syn: thrill) ¨I get a kick out of driving fast cars. – Қатты/Тез жүретін машиналарды айдап рахаттанамын. ¨He gets his kicks from hurting other people. – Басқа адамдардың жынына тигеннен ол рахаттанады. ¨What do you do for kicks? – Ермек үшін/Көңіл көтеру үшін не істейсің(із)? 3. (informal) (арақтан, есірткіден) әңкі-тәңкі, дел-сал болу ¨This drink has quite a kick. – Мына ішімдік біраз теңселтеді екен. 4. (idm) *a kick in the teeth (informal) күйініш, ашыну ¨The job losses are a kick in the teeth for the union. – Жұмыс орындарының құрығаны/жоғалғаны кәсіподақты сең соққандай етті.