kill [kɪl] A.v 1. ~ (sb/sth/yourself) өлтіру, өмірін қию, жою, құрту ¨Cancer kills thousands of people every year. – Рак/Обыр жыл сайын мыңдаған адамның өмірін қияды. ¨Three people were killed in the crash. – Соқтығыста/Соғылыста үш адам қаза тапты. ¨He tried to kill himself with sleeping pills. – Ол ұйқы дәрісімен/ұйықтататын дәрімен өзін-өзі өлтірмекші болды. ¨I bought a spray to kill the weeds. – Шырмауықтарды жою үшін себетін дәрі сатып алдым. ¨(informal) My mother will kill me when she finds out. – Біліп қойса мамам мені құртады. ¨Don't kill yourself trying to get the work done by tomorrow. It can wait. – Жұмысты ертең бітіріп тастаймын деп зорықпа. Шыдай тұрады. ¨I nearly killed myself carrying that suitcase all the way here. – Чемоданды осы жерге дейін алып келем деп өзімді өлтіре жаздадым. ¨Tiredness while driving can kill. – Шаршап машина айдаған өмірге қауіпті. 2. ~ sth жою, құрту, тыю ¨to kill a rumour – өсекті тыю ¨Do you agree that television kills conversation? – Телевизор әңгімені/сұхбатты жояды дегенмен келісісің(із) бе? ¨The defeat last night killed the team's chances of qualifying. – Кеше түнгі жеңіліс команданың жарысқа ілігу мүмкіндігін құртты. 3. ~ sb | it kills sb to do sth (informal) ауырту, шаншу, қақсау ¨My feet are killing me. – Аяғым өлтіріп/қақсап барады. 4. (idm) *kill the goose that lays the golden egg/eggs (мәтел) «алтын жұмыртқалайтын қазды өлтіру», өзіне өзі жамандық істеу *kill or cure (BrE) не болады, не бордай тозады, не сәтті болады, не құриды *kill time| kill an hour, a couple of hours, etc. (ұсақ-түйек істеп) уақыт өткізу ¨We killed time playing cards. – Карта ойнап уақыт өткіздік. *kill two birds with one stone бір оқпен екі құсты атып алу, бір әрекетпен екі істі тындыру *kill sb/sth with kindness елжірегенсу, елбірегенсу, еміренгенсу *kill yourself laughing (BrE) күлкіден ішегі түйілу, күлкіден өзін тоқтата алмау ¨He was killing himself laughing. – Оның ішек-сілесі қатып, өзін тоқтата алмай жатты. 5. (phr v) *kill sb/sth off жою, құрту ¨Some drugs kill off useful bacteria in the user's body. – Кейбір дәрілер денедегі пайдалы бактерияларды жояды. ¨He has effectively killed off any political opposition. – Ол іс жүзінде кез-келген саяси оппозицияны/қарсылықты жойды. B.n 1. өлтіру(шілік), өмірін қию, жою, құрту ¨A cat often plays with a mouse before the kill. – Мысық өлтірер алдында тышқанмен ойнайды. ¨The plane prepared to move in for the kill. – Ұшақ шабуылға ыңғайланды. ¨I was in at the kill when she finally lost her job. – Оның қалай ақыры жұмысынан айырылғанын көрдім. 2.ауланған, өлтірілген аң ¨lions feeding on their kill – олжасын жеп жатқан арыстандар