kind [kaɪnd] A.n 1.түр, тұрпат ¨three kinds of cakes/cake – үш түрлі торт ¨music of all/various/different kinds – барлық түрдегі/әртүрлі музыка ¨Exercises of this kind are very popular. – Бұл сияқты жаттығуларды жұрт өте ұнатады. ¨What kind of house do you live in? – Қандай үйде тұрасың? ¨They sell all kinds of things. – Олар әртүрлі заттар сатады. ¨The school is the first of its kind in Britain. – Бұл Британиядағы осы сияқты мектептің алғашқысы. ¨She isn't that kind of girl. – Ол әлгіндей қыз емес. ¨The regions differ in size, but not in kind. – Аймақтардың көлемі әртүрлі болғанымен, бір тұрпаттас. ¨I need to buy paper and pencils, that kind of thing. – Маған қағаз, қалам және сол сияқты заттар сатып алу қажет. ¨I'll never have that kind of money. – Менде ол сияқты ақша ешқашан болмайды. ¨(formal) Would you like a drink of some kind? – Әйтеуір бір сусын ішкің(із) келе ме? 2. (idm) *in kind a) (ақшамен емес) заттай/бұйымдай төлеу ¨As well as his salary, he gets benefits in kind. – Жалақысынан басқа онда басқа да жеңілдіктер бар. b) (formal) дәл/тура сондай/сөйтіп ¨She insulted him and he responded in kind. – Ол оған тіл тигізіп еді, ол да сөйтіп жауап қайтарды. *a kind of (informal) сол сияқты, біртүрлі ¨I had a kind of feeling this might happen. – Менде осылай болады-ау деген біртүрлі сезім болды. *kind of (informal) (also kinda [ˈkaɪndə]) аздап; әйтеуір ¨That made me feel kind of stupid. – Әлгі жағдайға бола өзімді аздап ақымақ сезіндім. ¨I like him, kind of. – Ол әйтеуір маған ұнайды. *nothing of the kind/sort олай емес, керісінше ¨I didn't tear your jacket – nothing of the kind! – Курткаңды мен жыртпадым – мүлде олай емес! ¨“Did you push Charlie?” “Nothing of the kind!” – «Чарлиді итерген сен бе?» «Е, жоқ-ә!» *of a kind a) (disapproving) әйтеуір ¨You're making progress of a kind. – Жұмысыңда әйтеуір бір ілгерілеу(шілік) бар. b) өте ұқсаған, бірдей дерлік ¨They're two of a kind - both workaholics! – Екеуі бірінен-бірі айнымайды – екеуі де еңбекқор! *one of a kind ерекше, бөлек (syn: unique) ¨My father was one of a kind - I'll never be like him. – Әкем ерекше жан еді – мен ол сияқты бола алмаймын. *smth of the/that kind сол сияқты, соған ұқсаған, солай ¨‘He's resigning.’ ‘I'd suspected something of the kind.’ – «Ол отставкаға кетейін деп жатыр». «Солай бола ма деп күдіктеніп едім». B.adj 1. қайырымды, мейірімді, қамқор, жомарт, сыпайы (opp: unkind) ¨a very kind and helpful person – өте қайырымды және жәрдемшіл адам ¨a kind heart/face – қамқор жүрек/жарқын жүз ¨a kind action/gesture/comment – мейірімді қадам/сыпайы ишара/жылы сөз ¨You've been very kind. – Бізге қайырымды болдыңыз/Сізге көп рахмет. ¨~ (to sb/sth) kind to animals – аңдарға мейірімді/аңдарды аяйтын ¨(figurative) Soft water is kinder to your hair. – Жұмсақ су шашыңа жақсы. ¨(figurative) The weather was very kind to us. – Бізді әйтеуір ауа райы әбігерлемеді. ¨~ (of sb) (to do sth) It was really kind of you to help me. – Маған жаныңыз қалмай көмектестіңіз/Сізге көп рахмет. ¨(formal) Thank you for your kind invitation. – Көңіл бөліп шақырғаныңызға көп рахмет. ¨(formal) ‘Do have another.’ ‘That's very kind of you.’ – «Тағы да алыңыз». «Рахмет сізге». ¨We need a kinder, gentler society. – Бізге қайырымды да/мейірімді де сыпайы қоғам керек. ¨It would be kinder if we didn't mention his wife. – Оның әйелінің атын атамағанымыз дұрыс болады. 2. (formal) өте сыпайы өтінішті білд ¨Would you be kind enough to close the window? – Терезені жаба қояр ма екенсіз/жауып жібересіз бе?