kindle [kɪndl] v тұтану, жана бастау; тұтату, тұтандыру, тұтатқызу, жанғыза/жандыра бастау ¨We watched as the fire slowly kindled. – Баяу жана бастаған отқа қарап тұрдық. ¨~ sth to kindle a fire/flame – от/алау тұтату ¨(ауысп. мағ.) It was her teacher who kindled her interest in music. – Оның музыкаға деген зейінін оятқан өз мұғалімі болды. ¨(ауысп. мағ.) Suspicion kindled within her. – Онда іштей күдік пайда бола бастады.