kiss [kɪs] A.v 1.сүю, өбу; аймалау; сүйісу, аймаласу ¨They stood in a doorway kissing. – Олар есік жанында сүйісіп/аймаласып тұрды. ¨Do people in Britain kiss when they meet? – Британияда жұрт кезіккенде бірін-бір сүйе(ді) ме? ¨~ sb Go and kiss your mother goodnight. – Мамаңа барып қайырлы түн айтып сүй(гін). ¨She kissed him on both cheeks. – Ол оның екі бетінен сүйді/өпті. ¨He lifted the trophy up and kissed it. – Ол жүлдені көтеріп алды да сүйді. ¨(ауысп. мағ.) The sunlight kissed the warm stones. – Күн нұры жылы тастарды аймалады. 2. (idm) *kiss and tell (ақша үшін) өзінің бұрын атақты біреумен жүргенін, көңілдес болғанын баспасөз арқылы айту *kiss sb's arse (BrE) (NamE kiss sb's ass, kiss ass) (taboo, slang) біреуге жағымпаздану, жағыну *kiss sth better (informal) баланы сүйіп жұбату, мауқын басу ¨Here, let Mommy kiss it better.Кел, мама сүйсін. *kiss sth goodbye| kiss goodbye to sth (informal) ұтылатынын, дегеніне жетпейтінін түсіну ¨Well, you can kiss goodbye to your chances of promotion. – Жоғарылаймын деген дәмеңмен/ойыңмен қош айтыса берсең болады. 3. (phr v) *kiss sth away біреуді сүйіп жұбату ¨He kissed away her tears. – Ол оны сүйіп жұбатты. B.n 1.сүйіс, сүю(шілік), өбу; аймала(с)у; сүйісу ¨Come here and  give me a kiss! – Қане(ки), кел де мені сүй(гін). ¨a kiss on the cheek – бетінен сүю ¨We were greeted with hugs and kisses. – Қарсы алған жұрт бізді құшақтап сүйді. 2. (idm) *the kiss of death (informal, especially humorous) «өлімнің өбуі/өбісі», жақсы сияқты көрінген, бірақ іс жүзінде сәтсіздікке ұрындыратын нәрсе ¨An award can be the kiss of death for a writer. – Жазушы үшін сыйлық қолбайлау болуы мүмкін. ¨Trying to please an audience is the kiss of death for an artist. – Көрермендердің көңілінен шығуға тырысқан артист сүрінуі мүмкін. ¨Rain is the kiss of death for a barbecue. – Жауын жауса барбекю оңбады дей бер. *the kiss of life (BrE) тыныс алуын тоқтатқан адамның аузына екінші біреудің өз аузы арқылы ауа үрлеп қайта дем алдыруға тырысуы (syn: mouth-to-mouth resuscitation)