knock [nɒk] A.v 1. (есік) қағу, тоқылдату (syn: rap) ¨He knocked three times and waited. – Ол үш рет есік қақты да күтті. ¨~ at/on sth Somebody was knocking on the window. – Біреу терезені қағып тұрды. 2. (байқамай) соғып алу, соғу, ұрып алу, тигізіп алу, тиіп кету ¨~ sth (against/on sth) Be careful you don't knock your head on this low beam. – Басың(ыз)ды мына аласа белағашқа ұрып алудан байқа(ңыз). ¨~ against/on sth Her hand knocked against the glass. – Қолы әйнекке тиіп кетті. 3. (қатты) соғу, ұру ¨~ sb/sth The blow knocked me flat. – Соққыдан жалпамнан түстім. ¨He was knocked senseless by the blow. – Соққыдан ол есінен танып қалды. ¨~ sb/sth doing sth She knocked my drink flying. – Ол бір ұрып сусынымды ұшырып жіберді. ¨~ sb/sth The two rooms had been knocked into one. – Екі бөлмені арасындағы қабырғаны құлатып қосты. 4.қағып/соғып/ұрып қозғалту, сындыру, тсс ¨~ sth He'd knocked over a glass of water. – Бір стакан суды ұшырып түсірді. ¨I knocked the nail into the wall. – Шегені қабырғаға қақтым. ¨They had to knock the door down to get in. – Ішке ену үшін оларға есікті ұрып құлатуға тура келді. ¨The boys were knocking a ball around in the back yard. – Балалар артқы аулада доп теуіп жүрді. ¨~ sth (figurative) The criticism had knocked her self-esteem. – Сын оны жасытты. ¨They managed to knock a hole in the wall. – Олар қабырғаны ұрғылап жатып тесті. 5. (жүрегі) дүрсілдеу, тулау ¨My heart was knocking wildly. – Жүрегім тулап жатты. 6. (мотор, құбыр ж) шыңылдау, тықылдау, шыңқылдау, қыжылдау 7. ~ sb/sth (informal) қатты сынға алу, шүйлігу, оңдырмай/аямай сынау ¨The newspapers are always knocking the England team. – Газеттер Англия командасын сынайды да/төмпештейді де жатады. ¨‘E-books?’ ‘Don't knock it - there's a great future in e-books.’ – «Электрон(ды) кітаптар дейді?» «Оларды шүйлікпе – э-кітаптардың болашағы зор». 8. (idm) *I'll knock your block/head off! (BrE, informal) сені құртамын, жазаңды беремін дег мағ *knock sb dead (informal) таңғалдырып «өлтіру», таңғалыстан «өліп қала жаздау» ¨You look fabulous - you'll knock 'em dead tonight. – Керемет көрініп тұрсың – кешкісін бәрін өлтіретін болдың ғой. *knock sb/sth into a cocked hat (old-fashioned, BrE) біреуден/бірнәрседен әлдеқайда жақсы болу; жоспарды, тсс бұзу, жарамсыз ету ¨She knocks the rest of the cast into a cocked hat. – Ол басқа актерлардан асып түседі. ¨I knocked his plans into a cocked hat. – Олардың жоспарын бұздым. ¨This bad weather has knocked everything into a cocked hat. – Мына нашар ауа-райы бәрін бүлдірді. ¨His findings knocked our theory into a cocked hat. – Оның зерттеуінің нәтижесі теориямызды жарамсыз етті. *knock it off! (informal) тыныш(тал-ыңдар), маза бер дег мағ ¨Knock it off, kids - I'm trying to work. – Балалар, тыныш енді – жұмыс істейін деп жатырмын. *knock sb off their pedestal/perch «біреуді тақтан құлату» ¨A lot of teams are looking to knock us off our perch. – Көптеген команда(лар) бізді омақастырғысы келеді. ¨He has been knocked off his pedestal by revelations about his private life. – Жеке өмірі жайлы кебір мәліметтердің бетінің ашылуы оның абыройын жұрдай етті. *knock sth on the head (BrE, informal) тоқта(т)у ¨The recession knocked on the head any idea of expanding the company. – Тоқырау компанияны ұлғайту жөніндегі кез-келген ойды тыйды. ¨By eleven o'clock we were all tired so we knocked it on the head. – Он бірге қарай бәріміз шаршағандықтан тоқтадық. *knock on wood (NAmE, saying) (BrE touch wood) пәле-жаладан аулақ болу үшін ағаш ұру, пәленің бетін аулақ қылсын дег мағ *knock sb sideways (informal) «біреуді соғып бүйірге ысыру», асып-сасып қалу, сең соққандай болу, аңтарылу *knock spots off sb/sth (BrE, informal) әлдеқайда жақсы болу ¨She knocks spots off all the other candidates. – Ол басқа кандидаттардан әлдеқайда жақсы. *knock the stuffing out of sb (informal) «біреудің жынын қағып алу», біреуді жасыту *you could have knocked me down with a feather (informal) таңырқасты білд 9.(phr v) *knock around… (BrE also knock about…) (informal) әр жерде жүру, болу ¨He spent a few years knocking around Europe. – Ол Европаны кезіп бірнеше жыл жүрді. ¨It must be knocking around here somewhere. – Ол (зат) осы төңіректе бір тұсында тұрған шығар. *knock around with sb/together (BrE also knock about with sb/together) (informal) біреумен бірге көп уақыт өткізу *knock sb/sth around (BrE also knock sb/sth about) (informal) төпелеу, ұрғылау; біреуге дөкір мінез көрсету *knock sb back a) (BrE) «соғып кері серпу/қайтару», бөгеу, кедергі келтіру ¨Disappointing results from the company knocked its shares back to just 51p. – Компания жұмыс нәтижелерінің нашар болуы оның акцияларының құнын 51 пенске түсірді. ¨The proposed merger of the two companies was knocked back by competition authorities in Australia. – Екі компанияның қосылуын Австралияның бәсекеге жауапты мекемелері болғызбай тастады. b). (BrE) таңырқату, састыру ¨Hearing the news really knocked me back. – Хабарды естігенде жағамды ұстадым. *knock sb back sth (BrE, informal) шығындандыру, шығынға батыру ¨That house must have knocked them back a bit. – Ана үй оларды аздап шығындандырған шығар. *knock sth back (informal) (арақ-шарапты) сіміре салу *knock sb down (from sth) (to sth) (informal) біреуге бағаны түсірткізу ¨I managed to knock him down to $400. – Оған $400-ға түсірттім. *knock sb down/over соғып құлату/құлатып түсіру ¨She was knocked down by a bus. – Оны автобус қағып кетіпті. ¨He knocked his opponent down three times in the first round. – Бірінші раундта ол қарсыласын үш рет ұрып құлатты. *knock sth down қирату, сүру (syn: demolish) ¨These old houses are going to be knocked down. – Мына ескі үйлерді сүрейін деп жатыр. *knock sth down (from sth) (to sth) (informal) бағаны түсіру ¨He knocked down the price from $80 to $50. – Ол бағаны $80-дан $50-ға түсірді. *knock off | knock off sth (informal) (жұмысты) тоқтату, аяқтау ¨Do you want to knock off early today? – Бүгін жұмысты ерте аяқтайын деп тұрсың ба? ¨What time do you knock off work? – Жұмысты қаншада аяқтайсың? ¨Let's knock off for lunch. – Істі тоқтатып түстеніп алайық. *knock sb off (slang) біреуді өлтіру *knock sth off a) (informal) тез/апыл-ғұпыл істеп тастау ¨He knocks off three novels a year. – Ол бір жылда үш роман жазып тастайды. b) (BrE, slang) ұрлау; тонау ¨to knock off a DVD player – DVD плейер ұрлау ¨to knock off a bank – банк тонау *knock sth off | knock sth off sth (informal) құнын азайту ¨They knocked off $60 because of a scratch. – Сызат болғаны үшін $60 түсті. ¨The news knocked 13% off the company's shares. – Хабар компанияның акцияларын 13%-ке азайтты. *knock sb out a) «сұлатып салу/түсіру», ұйықтап қалу; талып қалу ¨The blow knocked her out. – Соққы оны есінен тандырды. b) (бокста) нокаутқа жіберу, сұлатып салу c) (informal) өте таңырқату ¨The movie just knocked me out. – Фильм маған сұмдық әсер етті. *knock sb/yourself out қалжырау, діңкелеу (syn: wear out) *knock sb out (of sth) жеңіп сайыстан шығару (syn: eliminate) ¨England had been knocked out of the World Cup. – Англия әлем чемпионатынан шығып қалды. *knock sth out (informal) тез жасап шығару, ытқыту ¨He knocks out five books a year. – Ол жылына бес кітап жазып тастайды. *knock sb over = knock sb down *knock sth together a) (informal) апыл-ғұпыл жасау ¨I knocked some bookshelves together from old planks. – Ескі тақтайлардан кітап сөрелерін жасаған болдым. b) (BrE) ортадағы қабырғаны бұзып екі бөлмені, үйді біріктіру ¨The house consists of two cottages knocked together. – Үй бір-біріне қосылған екі коттеджден тұрады. *knock up (теннисте, тб) ойын алдында аздап жаттығу *knock sb up a) (BrE, informal) біреуді есікті тоқылдатып ояту b) (informal, especially NAmE) әйелді жүкті, ауыр аяқ ету *knock sth up тез әзірлеу ¨She knocked up a meal in ten minutes. – Он минутта ол тамақ дайындап жіберді. B.n 1.тақыл, тоқыл (есікті, тб қаққан, тоқылдатқан дыбыс) ¨There was a knock on/at the door. – Есік қағылды. 2.соққы (syn: bang) ¨He got a nasty knock on the head. – Ол басынан қатты соққы алды/Басына қатты соққы тиді. ¨Knocks and scratches will lower the value of valuable furniture. – Ұрылып-соғылған, сырылып-сызылған жиһаздың құны азаяды. 3. (idm) *take a (hard, nasty, etc.) knock соққы алу, ауыр тию ¨Industry in the area has taken a knock with the closure of two factories. – Аймақтың өнеркәсібі/өндірісі екі завод жабылып, есеңгіреді. ¨Her confidence took a further knock when she lost her job. – Жұмысынан айырылғанда жігері одан әрі жасыды.