know [nəʊ] A.v (knew [njuː], known [nəʊn]) 1.білу, хабардар болу, хабары болу ¨~ sth Do you know his address? – Оның адресін білесің(із) бе? ¨The cause of the fire is not yet known. – Өрттің себебі әлі белгісіз. ¨All I know is that she used to work in a bank. – Бар білетінім – ол бір банкте істеген/істейтін. ¨~ (that)… I know (that) people's handwriting changes as they get older. – Кісінің жасы ұлғайған сайын (қаламмен) жазуы өзгереді. ¨it is known that… It is widely known that CFCs can damage the ozone layer. – Хлорфторкөміртегінің озон қабатын зақымдай алатыны кеңінен белгілі. ¨~ where, what, etc… I knew where he was hiding. – Оның қайда жасырынып жүргенін білге(н)мін. ¨I didn't know what he was talking about. – Оның не айтып жатқанын білмедім. ¨~ (of/about sth) ‘You've got a flat tyre.’ ‘I know.’ – «Дөңгелегіңнің желі шығып кетіпті». «Білемін». ¨‘What's the answer?’ ‘I don't know.’ – «Жауап қандай?/Қандай жауап болады?» «Білмеймін». ¨‘There's no one in.’ ‘How do you know?’ – «Ішінде ешкім жоқ». «Қайдан білесің(із)?» ¨You know about Amanda's baby, don't you? – Аманданың сәбиі жайлы білесің ғой, солай емес пе? ¨I don't know about you, but I'm ready for something to eat. – Сенің қалай екеніңді білмеймін/Сен қалай, ал мен бірнәрсе жеп алуға әзірмін. ¨I know of at least two people who did the same thing. – Осылай істеген кем дегенде екі кісіні білемін. ¨‘Is anyone else coming?’ ‘Not that know of.’ – «Тағы біреу(-міреу) келе(ді) ме?» «Мен білетіндерден ешкімді білмеймін/Мен білетіндердің арасынан ешкімнің келіп-келмесін білмеймін». ¨‘Isn't that his car?’ ‘I wouldn't know./How should I know?’ – «Анау соның машинасы емес пе?» «Мен қайдан білейін». ¨(informal) ‘What are you two whispering about?’ ‘You don't want to know.’ – «Екеуің не деп сыбырласып тұрсыңдар?» «Сен қызығар ештеңе жоқ». ¨~ to do sth Does he know to come here first? – Осында ең бірінші/алдымен келуі керектігін/керек екенін ол біледі ме? ¨~ sb/sth to be/do sth We know her to be honest. – Біз оны адал жан деп білеміз. ¨Two women are known to have died. – Ол екі әйелдің қайтыс болғаны белгілі. 2.білу, аңдау, сезу, ұғу, түсіну ¨~ (that)… As soon as I walked in the room I knew (that) something was wrong. – Бөлмеге енген кезде бір кілтипанның болғанын сездім. ¨She knew she was dying. – Ол өзінің өлетінін білді. ¨~ what, how, etc… I knew perfectly well what she meant. – Оның не дегісі келгенін жақсы ұқтым. ¨I know exactly how you feel. – Қазіргі күйіңді жақсы ұғамын. ¨~ (sth) This case is hopeless and he knows it. – Бұл істен түк шықпайды және оның өзі бұны ұғады да. ¨‘Martin was lying all the time.’ ‘I should have known.’ – «Мартин (орнынан) тұрмай жатқан». «Бұл жайтты білуім керек еді». 3.білу, көзі жету, сенімді болу ¨~ (that)… He knew (that) he could trust her. – Оған сене алатынын білген. ¨I know it's here somewhere! – Оның (о заттың) осы жерде екенін білемін! ¨I know things will turn out all right. – Шаруаның дұрыс бітетінін білемін. ¨I don't know that I can finish it by next week. – Келесі аптада бұны бітіре/тындыра аларымды білмеймін. ¨I just knew that it was something I wanted to do. – Мен бұның өзім қалаған нәрсе екенін ұқтым. ¨~ (sth) ‘You were right - someone's been spreading rumours about you.’ ‘I knew it!’ – «Сенікі/Сіздікі дұрыс – біреу сен/сіз жайлы өсек таратып жүрген». «Мен бұны білгенмін!» ¨‘She's the worst player in the team.’ ‘Oh, I don't know - she played well yesterday.’ – «Ол – командадағы ең нашар ойыншы». «Білмеймін – ол кеше жақсы ойнаған». 4. ~ sb/sth білу, таныс болу ¨I've known David for 20 years. – Дәвидпен жиырма жыл таныспын/Дәвидті жиырма жылдан бері білемін. ¨Do you two know each other? – Сендер/Сіздер екеулерің/екеуіңіздер бір-біріңізді білесің(із)дер ме? ¨She was a secretary when I first knew her. – Мен оны алғаш көргенімде секретарь болатын. ¨She's very nice when you get to know her. – Танып-білген адамға ол өте жақсы. ¨Knowing Ben, we could be waiting a long time. – Баяғы Бен ғой, ұзақ тоса тұруымызға тура келеді. ¨I don't know anyone in Oxford. – Оксфордта ешкімді білмеймін. ¨I know Paris well. – Парижді жақсы білемін/Париж маған жақсы таныс. ¨Do you know the play? – Пьесаны бұрын көріп пе едің(із)? ¨The new rules could mean the end of football as we know it. – Жаңа ережелер біз білетін футболды келмеске кетіруі мүмкін. 5.белгілі болу, танымал, әйгілі болу, аты шығу, мәлім болу ¨~ sb/sth as sth It's known as the most dangerous part of the city. – Бұл/Ол қаланың ең қауіпті ауданы/тұсы ретінде әйгілі/белгілі. ¨~ sb/sth for sth She is best known for her work on the human brain. – Ол адам миы туралы еңбегіне бола/байланысты танымал. ¨~ sb/sth to be/do sth He's known to be an outstanding physicist. – Ол тамаша физик ретінде әйгілі. ¨The drug is commonly known as Ecstasy. – Бұл есірткі экстази деген атпен мәлім. ¨Peter Wilson, also known as ‘the Tiger’ – «Жолбарыс» деген атпен мәлім/аты шыққан Питер Уилсон. 6. ~ sb/sth білу, тану, ажырату, айыру ¨I couldn't see who was speaking, but I knew the voice. – Кімнің сөйлеп жатқанын көрмегеніммен, дауыс таныс еді. ¨She knows a bargain when she sees one. – Арзандатылған товарды оның көзі бірден шалады. 7. ~ sb/sth from sb/sth (айырмасын) білу, ажырату, айыру, тану (syn: differentiate) ¨I hope we have taught our children to know right from wrong. – Балаларымызды жақсы мен(ен) жаманды айыра білуге үйреттік деп ойлаймын/үміттенемін. 8. (тілді, шеберлікті) білу ¨~ sth Do you know any Japanese? – Жапонша білесің(із) бе? ¨~ how, what, etc… Do you know how to use spreadsheets? – Электрон таблицаны пайдалана білесіз бе? 9. (бұрын-соңды) білу, көру ¨~ sb/sth (to) do sth I've never known it (to) snow in July before. – Бұрын-соңды шілде айында қар жауғанын көрмеппін/көрмептім. ¨be known to do sth He has been known to spend all morning in the bathroom. – Оның таңертеңгісін жуынатын бөлмеден шықпай қоятыны белгілі. ¨He has known both poverty and wealth. – Ол кедейлікті де, дәулетті де көрген. ¨She may be successful now, but she has known what it is like to be poor. – Қазір табысты шығар, алайда ол кедейліктің дәмін татқан. 10. (idm) *before you know where you are лезде, әп сәтте, зып ете ¨We were whisked off in a taxi before we knew where we were. – Әп сәтте таксимен зытып отырдық. *be not to know білетін, түсінетін мүмкіндігі, жағдайы болмау ¨‘I'm sorry, I called when you were in bed.’ ‘Don't worry - you weren't to know.’ – «Ғафу өтінемін, сен/сіз ұйықтап жатқанда телефон шалдым». «Уайымдама(ңыз) – (кімнің не істеп жатқанын) қайдан білесің(із)». *for all you, I, they, etc. know (informal) бар білетіні(ң, -м), білуімше, білуінше, солай болар ¨She came in late because she had an accident, for all I know. – Ол бір оқиғаға ұшырап кеш келді, бар білетінім осы. ¨I haven't talked to Marie in weeks, so for all I know, she's not even coming to the dinner party tonight. – Мәримен талай апта сөйлеспедім, бар білетінім/білуімше, ол бүгін кешкі жиын-тойға да келмейді. *God/goodness/Heaven knows (informal) құдай біледі, құдай куә ¨God knows what else they might find. – Олардың тағы не табарын құдай біледі. ¨‘Where are they?’ ‘Goodness knows.’ – «Олар қайда?» «Құдай біледі». ¨She ought to pass the exam - goodness knows she's been working hard enough. – Ол емтиханнан өтуі керек – құдай куә, ол тынбай дайындалып жүрді. *I don't know how, why, etc… (informal) (ұрсып-сынағанда қолд) осы неге ғана, осы қалайша, осы неліктен ¨I don't know how you can say things like that. – Қалай ғана осылай сөйлей аласың/сөйлейсің. *I know (informal) a) білемін, түсінемін, келісемін ¨‘What a ridiculous situation!’ ‘I know.’ – «Неткен ақылға сыймайтын жағдай!» «Иә, солай». b) қанеки, менде бір ой бар, таптым ¨I know, let's see what's on at the theatre. – Қанеки, театрда не бар екенін көрейік/көрелік. ¨I know! Let’s go out for a meal on your birthday. – Таптым! Туған күніңде тысқа барып тамақ ішейік. *know sb/sth backwards (informal, especially BrE) өте жақсы білу ¨She must know the play backwards by now. – Ол пьесаны енді жатқа білетін шығар. *know best не істеу керек екенін жақсы білу ¨The doctor told you to stay in bed, and she knows best. – Дәрігер саған/сізге төсекте жата тұрсын деді, себебі ол жақсы біледі. *know better (than that/than to do sth) бірден сене, нана қоймау, терең аңғару ¨He knows better than to judge by appearances. – Ол кісінің сыртқы келбетіне қарап ой қорытпайды. *know sb by sight бір көргеннен қандай адам екенін ұғу, тану *know different/otherwise (informal) басқаша, керісінше мәліметі болу ¨He says he doesn't care about what the critics write, but I know different. – Ол сыншылар не жазса да елемеймін дейді, бірақ мен олай емес екенін білемін. *know full well терең ұғу, мән-жайға қанық болу ¨He knew full well what she thought of it. – Әлгі нәрсе жайлы оның (әйелдің) не ойлағанын ол (еркек) жақсы ұққан. *know sb/sth inside out | know sb/sth like the back of your hand (informal) бес саусағындай білу, өте жақсы білу ¨This is where I grew up. I know this area like the back of my hand. – Бұл - өніп-өскен жерім. Бұл өңірді бес саусағымдай білемін. *know your own mind не істеп, не қоятынын жақсы білу, өз ісіне өзі мығым болу, өз шаруасын жақсы білу *know your stuff (informal) белгілі бір істі, саланы жақсы білу *know your way around жақсы білу, жақсы таныс болу *know what you're talking about (informal) «өзінің не айтып жатқанын жақсы білу» ¨I've lived in China, so I know what I'm talking about. – Қытайда тұрғанмын, сондықтан не айтып жатқанымды білемін. *know which side your bread is buttered (informal) істің жөнін/қырын білу *let it be known/make it known that… (formal) білдірту, аңғарту ¨The President has let it be known that he does not intend to run for election again. – Президент енді сайлауға қайта түспек ниетінің жоқтығын аңғартты. *let sb know білдіру, хабарлау ¨I don't know if I can come, but I'll let you know tomorrow. – Келер-келмесімді білмеймін, сондықтан саған ертең айтамын. ¨Let me know how I can help. – Жәрдем керек болса маған айт(ыңыз). *make yourself known to sb өзін таныстыру ¨I made myself known to the hotel manager. – Қонақ үй менеджеріне өзімді таныстырдым. *not know any better (дұрыс тәрбие көрмегендіктен) теріс мінез көрсету ¨Don't blame the children - they don't know any better. – Балаларды кінәлама – олар (бұл өмірде) не көрді дейсің. *not know your arse from your elbow (BrE, taboo, slang) өте ақымақ, ебедейсіз болу *not know beans about sth (NAmE, informal) белгілі бір мәселе жөнінде ештеңе білмеу ¨I don't know beans about making movies. – Кино түсіру жөнінде түкті де білмеймін. *not know the first thing about sb/sth біреу/бірн-е жайлы ештеңе білмеу ¨I'm afraid I don't know the first thing about cars. – Машиналар жөнінде дым да білмеймін-ау. *not know sb from Adam (informal) біреу жайлы мүлде білмеу *not know what hit you (informal) не істерін білмей қалу, сасып қалу *not know where to look (informal) қысылып-қымтырылу, асып-сасу *not know whether you're coming or going (informal) толқып есі шығу, шатасып сасу *not know you are born (BrE, informal) өзінің үлде мен бүлдеге оранғанын/уайым-қайғысыз тұрмыс кешіп жатқанын білмеу ¨You people without kids don't know you're born. – Баласы жоқ кісілер уайым-қайғының не екенін білмейді. *there's no knowing не/қалай боларын кім білсін/білген ¨There's no knowing how he'll react. – Бұны білген соң оның қайтерін кім білсін. *what does … know? «ол қайдан/нені білсін?» ¨What does he know about football, anyway? – Қайткенде де, футбол жайлы ол не біледі дейсің? *what do you know? (informal) таңырқауды білд ¨Well, what do you know? Look who's here! – Иә, мынаусы несі? Мына кісі қайдан жүр! ¨So they're getting married, are they? Well, what do you know! – Сөйтіп олар үйленгелі жатыр де, иә? Қызық екен! *you know (informal) a) өзің білесің/түсінесің, өзің білетіндей ¨Well, you know, it's difficult to explain. – Иә, өзің білесің, бұны түсіндіру қиын. ¨I'm not stupid, you know. – Ақымақ емеспін ғой, өзің ұғасың. b) өзің білетін, өзіңе белгілі/таныс/мәлім ¨Guess who I've just seen? Maggie! You know - Jim's wife. – Кімді көргенімді білесің бе? Мәгги! Өзің білесің – Джимнің әйелі. ¨You know that restaurant round the corner? It's closed down. – Ана көше бұрышының ар жағындағы өзің білетін ресторан бар емес пе? Жабылып қа(лы)пты. *you know something/what? (informal) білесің бе? ¨You know something? I've never really enjoyed Christmas. – Білесің бе? Ешқашан рождество маған ұнаған емес. *you never know (informal) не боларын қайдан білесің, кім білсін, кім біліпті ¨You never know, she might change her mind. – Қайдан білесің/Кім біліпті, ол ойын өзгертер. B.n (idm) *in the know (informal) бірнәрсе жайлы көп білетін, хабардар ¨Somebody in the know told me he's going to resign. – Жақсы білетін біреу оның қызметтен кетпекші екенін айтты.