labour [ˈleɪbə(r)] (especially US labor) A.n 1.еңбек, жұмыс, іс ¨manual labour – қара/ауыр (қолмен істейтін) жұмыс ¨The price will include the labour and materials. – Баға/Құн жұмыс пен материалдарды қамтиды. ¨The company wants to keep down labour costs. – Компания еңбек құнын төмен/арзан ұстағысы келеді. ¨The workers voted to withdraw their labour. – Жұмысшылар жұмыс істемей наразылық білдіруді ұйғарды. ¨He was sentenced to two years in a labour camp. – Ол екі жылдық еңбек лагеріне кесілді. ¨He was so exhausted from the day's labours that he went straight to bed. – Ол күні бойғы жұмыстан өте қалжырап келіп, бірден төсекке жатты. ¨People look forward to enjoying the fruits of their labours during retirement. – Кісілер зейнетке (пенсияға) шыққан кезінде өз бейнеттерінің зейнетін көргісі келеді. 2.еңбек күші, жұмыс күші, жұмысшылар ¨a shortage of labour – жұмыс күшінің жетіспеушілігі/тапшылығы ¨Employers are using immigrants as cheap labour. – Жалдаушылар/Жұмыс берушілер иммигранттарды арзан жұмыс күші ретінде пайдалануда. ¨Repairs involve skilled labour, which can be expensive. – Жөндеу жұмысына қымбат болуы мүмкін шебер жұмыс күші тартылады. ¨good labour relations – (жұмыс берушілер мен жұмыс істеушілер арасындағы) жақсы жұмыс қатынастары 3. (нәресте босану үшін) толғату, толғақ қысу, толғақ ¨Jane was in labour for ten hours. – Джейн он сағат бойы толғатты. ¨She went into labour early. – Ол ерте толғата бастады. ¨labour pains – толғақ қысып ауырту/шаншу ¨Older women tend to have more difficult labours. – Егде әйелдердің толғағы көбінесе қиын келеді. 4. Labour (abbr Lab.) the British Labour Party Британия лейбористік партиясы ¨He always votes Labour. – Ол ылғи да лейбористер үшін дауыс береді. ¨Labour was/were in power for many years. – Лейбористік партия көп жыл билікте болды. 5. (idm) *a labour of love «сүйікті еңбек», жақсы көретін іс ¨Writing the book was a labour of love. – Кітап жазу қызғылықты іс болды. B.v 1.бейнеттену, машақаттану, мықшыңдау, мехнат шегу, аянбай талпыну, әрекеттену ¨~ (away) He was in his study labouring away over some old papers. – Ол өз жұмыс кабинетінде кейбір көне газеттерді ақтарумен болды. ¨~ to do sth They laboured for years to clear their son's name. – Олар ұлдарының атын ақтау үшін жылдар бойы табанынан тозды. 2.ауыр еңбектену, жұмыс істеу ¨We laboured all day in the fields. – Күні бойы егіс алқабында мықшыңдадық. ¨(old-fashioned) the labouring classes – еңбекші тап/жұмысшы табы 3.діңкелеу, мықшыңдау, титықтау (syn: struggle) ¨The horses laboured up the steep slope. – Аттар өрге қарай мықшыңдады. ¨With engine labouring, the car struggled up the hill. – Моторы булыға ыңылдаған машина өрге қарай мықшыңдады. 4. (idm) *labour the point тәптіштей түсіндіру, езе түсіндіру ¨I understand what you're saying - there's no need to labour the point. – Айтқан ойыңызды ұқтым – тәптіштеп қажеті жоқ. 5. (phr v) *labour under sth (formal) алдану, құры дәмелену ¨to labour under a misapprehension/delusion – жөнсіз қорқу/өзін-өзі алдау ¨He's still labouring under the impression that he's written a great book. – Ол әлі керемет кітап жаздым деген ойға алданып жүр.